https://sputnik.kz/20260611/qazaqstan-men-frantsiya-balqash-kolin-saqtau-boyynsha-is-sharalardy-birlesip-azirlep-zhatyr-64041610.html
Қазақстан мен Франция Балқаш көлін сақтау бойынша іс-шараларды бірлесіп әзірлеп жатыр
Қазақстан мен Франция Балқаш көлін сақтау бойынша іс-шараларды бірлесіп әзірлеп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Қазақстан мен Франция Балқаш көлін сақтау бойынша мастер-жоспарды бірлесіп әзірлеп жатыр, деп хабарлады ауыл шаруашылығы... 11.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-11T08:41+0500
2026-06-11T08:41+0500
2026-06-11T08:41+0500
балқаш
франция
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/07/10/55668723_0:0:1281:720_1920x0_80_0_0_ebb628082b65c6c59b99ad15facb5fa0.jpg
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Қазақстан мен Франция Балқаш көлін сақтау бойынша мастер-жоспарды бірлесіп әзірлеп жатыр, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Балқаш көлінің экожүйесін сақтау бойынша мастер-жоспарды әзірлеу бойынша жұмыс тобының ашық отырысында франциялық сарапшылар жүргізілген зерттеулердің аралық нәтижелерін таныстырды. Қатысушылар ауыл шаруашылығы, гидрология, мұздықтардан келетін ағын үлесін бағалау, гидрогеология, су пайдалану және су ресурстарын бөлу модельдерін әзірлеу бағыттарындағы жұмыстардың қорытындыларымен танысты.Кездесуде климаттың өзгеруі жағдайында Балқаш көлі бассейнінің су ресурстарын орнықты басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар су ресурстарын бөлудің түрлі сценарийлерін талдау және бассейндік жоспарларды әзірлеу үшін заманауи цифрлық құралдарды қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.Талқылау қорытындысы бойынша сарапшылар әртүрлі бағыттардағы зерттеу нәтижелерін Балқаш көлінің су жинау алабының жағдайын бағалаудың бірыңғай жүйесіне біріктіріп, қосымша зерттеуді қажет ететін басым бағыттарды айқындады. Жоспарды әзірлеу жұмыстарын аяқтап, оның түпкілікті нәтижелерін ұсыну 2026 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.Құжатты әзірлеу Балқаш көлінің экожүйесін сақтау және бассейннің су ресурстарын тұрақты басқару жөніндегі ұзақмерзімді шешімдерді қабылдаудың ғылыми негізіне айналады.
https://sputnik.kz/20260516/satqaliev-pen-likhachev-balqash-aes-zhobasy-boyynsha-kelissozder-zhurgizdi-63467645.html
балқаш
франция
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/10/55668723_156:0:1116:720_1920x0_80_0_0_7b5880233981e95569222a4eddab5e8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балқаш, франция, министрлік
балқаш, франция, министрлік
Қазақстан мен Франция Балқаш көлін сақтау бойынша іс-шараларды бірлесіп әзірлеп жатыр
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Қазақстан мен Франция Балқаш көлін сақтау бойынша мастер-жоспарды бірлесіп әзірлеп жатыр, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Балқаш көлінің экожүйесін сақтау бойынша мастер-жоспарды әзірлеу бойынша жұмыс тобының ашық отырысында франциялық сарапшылар жүргізілген зерттеулердің аралық нәтижелерін таныстырды. Қатысушылар ауыл шаруашылығы, гидрология, мұздықтардан келетін ағын үлесін бағалау, гидрогеология, су пайдалану және су ресурстарын бөлу модельдерін әзірлеу бағыттарындағы жұмыстардың қорытындыларымен танысты.
Кездесуде климаттың өзгеруі жағдайында Балқаш көлі бассейнінің су ресурстарын орнықты басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды.
"Сарапшылар өзен ағынын болжау, мұздықтардан келетін су қорының болашақтағы өзгерістерін бағалау, жерүсті және жерасты суының өзара байланысын зерттеу, сондай-ақ басқарушылық шешімдерді қабылдауды қолдауға арналған заманауи модельдеу құралдарын пайдалану тәсілдерін ұсынды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар су ресурстарын бөлудің түрлі сценарийлерін талдау және бассейндік жоспарларды әзірлеу үшін заманауи цифрлық құралдарды қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.
Талқылау қорытындысы бойынша сарапшылар әртүрлі бағыттардағы зерттеу нәтижелерін Балқаш көлінің су жинау алабының жағдайын бағалаудың бірыңғай жүйесіне біріктіріп, қосымша зерттеуді қажет ететін басым бағыттарды айқындады. Жоспарды әзірлеу жұмыстарын аяқтап, оның түпкілікті нәтижелерін ұсыну 2026 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.
Құжатты әзірлеу Балқаш көлінің экожүйесін сақтау және бассейннің су ресурстарын тұрақты басқару жөніндегі ұзақмерзімді шешімдерді қабылдаудың ғылыми негізіне айналады.