https://sputnik.kz/20260611/italiyada-qazaqstan-azamatynyn-mayiti-tabyldy-64053786.html
Италияда Қазақстан азаматының мәйіті табылды
Италияда Қазақстан азаматының мәйіті табылды
Sputnik Қазақстан
20-30 жас аралығындағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы италиялық жергілікті басылымдарда да жариялады 11.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-11T13:43+0500
2026-06-11T13:43+0500
2026-06-11T13:52+0500
қазақстан
италия
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1e/63071845_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_f990e0ed74ff7d6dc6395a8f5cba6cfc.jpg
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Италияда Қазақстан азаматының мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жігіттің қайтыс болғаны туралы жазба әлеуметтік желіде пайда болды.20-30 жас аралығындағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы италиялық жергілікті басылымдарда да жариялады.Марқұмның денесі Вибонездегі Бриатико жағалауындағы жартастардың арасынан табылған. Басылымның мәліметінше, ер адамның шашы ұзын болғандықтан, алғаш көргендер оны әйел адам деп ойлаған."Бұл 20-30 жастағы кавказдық ер адам, оның жеке басы әлі анықталмаған. Алғашқы тергеулерге сәйкес, ол табылардан он бес сағат бұрын қайтыс болған. Денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, бірақ жарақаттар бар. Ол жартасқа соғылу салдарынан болуы мүмкін. Марқұмның қалтасында ұялы телефоны болған, сондай-ақ киімі мен әмияны табылды", - деп жазды басылым.Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ақпаратты растады.
https://sputnik.kz/20260418/abay-oblysynda-zhogalgan-shetel-azamatynyn-mayiti-tabyldy-62759658.html
қазақстан
италия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1e/63071845_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_61ba4a298e937dc2d834ec9b6b499456.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, италия, қылмыс
қазақстан, италия, қылмыс
Италияда Қазақстан азаматының мәйіті табылды
13:43 11.06.2026 (жаңартылды: 13:52 11.06.2026) 20-30 жас аралығындағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы италиялық жергілікті басылымдарда да жариялады
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Италияда Қазақстан азаматының мәйіті табылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Жігіттің қайтыс болғаны туралы жазба әлеуметтік желіде пайда болды.
"Біздің түлегіміз және Оралдағы Назарбаев интеллектуалды мектебінің шәкірті Италияда қайғылы түрде қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз. Қазіргі уақытта оның денесін Отанына, Қазақстанға тасымалдауға қаражат жинау жүргізіліп жатыр. Жалпы шығын 8000 еуро. Осы қиын уақытта оның отбасы үшін кез келген көмек пен қолдау өте құнды", - деп жазды Дінмұхамет Мұхтаров есімді желі қолданушысы.
20-30 жас аралығындағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы италиялық жергілікті басылымдарда да жариялады.
Марқұмның денесі Вибонездегі Бриатико жағалауындағы жартастардың арасынан табылған. Басылымның мәліметінше, ер адамның шашы ұзын болғандықтан, алғаш көргендер оны әйел адам деп ойлаған.
"Бұл 20-30 жастағы кавказдық ер адам, оның жеке басы әлі анықталмаған. Алғашқы тергеулерге сәйкес, ол табылардан он бес сағат бұрын қайтыс болған. Денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, бірақ жарақаттар бар. Ол жартасқа соғылу салдарынан болуы мүмкін. Марқұмның қалтасында ұялы телефоны болған, сондай-ақ киімі мен әмияны табылды", - деп жазды
басылым.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ақпаратты растады.
"Қазақстанның Италиядағы елшілігі мен Италияның құзыретті органдары болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазақстандық дипломаттар туыстарымен байланыста болып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді", - деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігінде.