https://sputnik.kz/20260611/germaniya-kantsleri-kievke-qarzhylyq-qoldau-korsetudi-zhalgastyru-qazhet-64055486.html
Германия канцлері: Киевке қаржылық қолдау көрсетуді жалғастыру қажет
Германия канцлері: Киевке қаржылық қолдау көрсетуді жалғастыру қажет
Sputnik Қазақстан
Фридрих Мерцтің мәлімдемесі залда отырған парламент депутаттарының бір бөлігінің наразылығын туғызды 11.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-11T15:39+0500
2026-06-11T15:39+0500
2026-06-11T15:39+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/02/18/51113037_0:176:3035:1884_1920x0_80_0_0_3307448b1c7edc2020bd891298c2cb91.jpg
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Германия канцлері Фридрих Мерц Еуроодақтың жаңа қарыз алуына қарсы екенін мәлімдеп, мұндай қадам егемендікке қауіп төндіретінін айтты. Сонымен қатар ол Киевке кредит арқылы қаржылық қолдау көрсетуді жалғастыруды қолдады.Оның айтуынша, Еуропаның кейбір елдері қазірдің өзінде орасан зор қарыз жүктемесіне байланысты қорғанысқа жұмсайтын қаражаттан гөрі қарыздың пайызын төлеуге көбірек ақша жұмсап отыр.Жалпыеуропалық бюджеттің қарыздық жүктемесі шамадан тыс артқанына қарамастан, Германия канцлері Еуроодақ тарапынан Киевке қаржылық қолдау көрсетуді жалғастыру қажет екенін айтты."Нақты айтқанда, Еуропалық Одақтың Украинаға беретін 90 миллиард еуро көлеміндегі кредиті мақұлданды", – деп мәлімдеді Мерц.Оның Киевті одан әрі қаржыландыру қажеттігі туралы мәлімдемесі залда отырған парламент депутаттарының бір бөлігінің наразылығын туғызды.
https://sputnik.kz/20260611/makron-zelenskiydin-qatysuymen-ukraina-maselesin-talqylanatynyn-aytty-64042070.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/18/51113037_231:0:2960:2047_1920x0_80_0_0_0616da2ceb0a7de2346c54b6126a2f17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Германия канцлері: Киевке қаржылық қолдау көрсетуді жалғастыру қажет
Фридрих Мерцтің мәлімдемесі залда отырған парламент депутаттарының бір бөлігінің наразылығын туғызды
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Германия канцлері Фридрих Мерц Еуроодақтың жаңа қарыз алуына қарсы екенін мәлімдеп, мұндай қадам егемендікке қауіп төндіретінін айтты. Сонымен қатар ол Киевке кредит арқылы қаржылық қолдау көрсетуді жалғастыруды қолдады.
"Еуропаның жаңа қарыз алуы – мәселенің шешімі емес. Шамадан тыс қарыздану егемендікке қауіп төндіреді және іс-әрекет еркіндігін шектейді", – деді Мерц 18-19 маусымда Брюссельде өтетін Еуропалық кеңес отырысы қарсаңында Бундестагта сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, Еуропаның кейбір елдері қазірдің өзінде орасан зор қарыз жүктемесіне байланысты қорғанысқа жұмсайтын қаражаттан гөрі қарыздың пайызын төлеуге көбірек ақша жұмсап отыр.
"Біз Еуропа бюджетін мұндай жағдайға жеткізбеуіміз керек", – деп мәлімдеді Мерц.
Жалпыеуропалық бюджеттің қарыздық жүктемесі шамадан тыс артқанына қарамастан, Германия канцлері Еуроодақ тарапынан Киевке қаржылық қолдау көрсетуді жалғастыру қажет екенін айтты.
"Нақты айтқанда, Еуропалық Одақтың Украинаға беретін 90 миллиард еуро көлеміндегі кредиті мақұлданды", – деп мәлімдеді Мерц.
Оның Киевті одан әрі қаржыландыру қажеттігі туралы мәлімдемесі залда отырған парламент депутаттарының бір бөлігінің наразылығын туғызды.