https://sputnik.kz/20260611/geologiyalyq-barlau-zhumystaryna-memleket-470-mln-dollarga-zhuyq-investitsiya-salady---ukimet-64045970.html
Геологиялық барлау жұмыстарына мемлекет 470 млн долларға жуық инвестиция салады - үкімет
Геологиялық барлау жұмыстарына мемлекет 470 млн долларға жуық инвестиция салады - үкімет
Sputnik Қазақстан
Бұл алдыңғы екі онжылдықтағы шығындар көлемімен шамалас 11.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-11T11:42+0500
2026-06-11T11:42+0500
2026-06-11T11:43+0500
үкімет
қаржыландыру
мемлекет
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/10/59642023_0:176:3144:1945_1920x0_80_0_0_44ab57590835386ad93d311a16b52860.jpg
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Алдағы үш жылда геологиялық барлауға екі онжылдықтағы шығындармен шамалас қаржы салынады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресінің пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазақстанда жер қойнауын геологиялық зерттеудің ауқымды бағдарламасы қолға алынды. Қазіргі кезде ел аумағын егжей-тегжейлі геологиялық картографиялау жұмыстары басталды. Ал жер қойнауының геологиялық зерттелу аумағы 2 млн шаршы шақырымнан асады.Оның айтуынша, қазіргі шаралар геологиялық барлау ауқымын кеңейтіп қана қоймай, цифрлық шешімдерді де кеңінен енгізуді көздейді. Әсіресе жасанды интеллектіге басымдық беріледі. Қазірдің өзінде біріккен жер қойнауын пайдалану платформасы құрылып, лицензия беру және жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін бақылау процестері автоматтандырылды. Бұрын магниттік таспаларда және фотосуреттерде сақталған 4,6 миллионнан астам бастапқы геологиялық ақпарат цифрлық форматқа ауыстырылды."Келесі кезеңде жасанды интеллект технологияларын геологиялық барлау, деректерді талдау және өндірісті басқару процестеріне интеграциялау қажет. Бұл еліміздің минералдық-шикізаттық базасын игеру тиімділігін айтарлықтай арттырып, жаңа кен орындарын ашуды жеделдетіп, қабылданатын шешімдердің сапасын жақсартады",— деді премьер.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/10/59642023_413:0:3144:2048_1920x0_80_0_0_8c7c4568e340084972020b5b6fdab5ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, қаржыландыру, мемлекет
үкімет, қаржыландыру, мемлекет
Геологиялық барлау жұмыстарына мемлекет 470 млн долларға жуық инвестиция салады - үкімет
11:42 11.06.2026 (жаңартылды: 11:43 11.06.2026) Бұл алдыңғы екі онжылдықтағы шығындар көлемімен шамалас
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Алдағы үш жылда геологиялық барлауға екі онжылдықтағы шығындармен шамалас қаржы салынады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресінің пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда жер қойнауын геологиялық зерттеудің ауқымды бағдарламасы қолға алынды. Қазіргі кезде ел аумағын егжей-тегжейлі геологиялық картографиялау жұмыстары басталды. Ал жер қойнауының геологиялық зерттелу аумағы 2 млн шаршы шақырымнан асады.
"Президенттің тапсырмасы бойынша 2026-2028 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына тек мемлекет тарапынан 470 млн долларға жуық инвестиция салынады. Бұл алдыңғы екі онжылдықтағы шығындар көлемімен шамалас", - деді Бектенов.
Оның айтуынша, қазіргі шаралар геологиялық барлау ауқымын кеңейтіп қана қоймай, цифрлық шешімдерді де кеңінен енгізуді көздейді. Әсіресе жасанды интеллектіге басымдық беріледі. Қазірдің өзінде біріккен жер қойнауын пайдалану платформасы құрылып, лицензия беру және жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін бақылау процестері автоматтандырылды. Бұрын магниттік таспаларда және фотосуреттерде сақталған 4,6 миллионнан астам бастапқы геологиялық ақпарат цифрлық форматқа ауыстырылды.
"Келесі кезеңде жасанды интеллект технологияларын геологиялық барлау, деректерді талдау және өндірісті басқару процестеріне интеграциялау қажет. Бұл еліміздің минералдық-шикізаттық базасын игеру тиімділігін айтарлықтай арттырып, жаңа кен орындарын ашуды жеделдетіп, қабылданатын шешімдердің сапасын жақсартады",— деді премьер.