https://sputnik.kz/20260611/densaulyq-saqtau-ministrligi-vannanyn-ornyna-dushqa-tusuge-kenes-berdi--64063047.html
Денсаулық сақтау министрлігі ваннаның орнына душқа түсуге кеңес берді
Денсаулық сақтау министрлігі ваннаның орнына душқа түсуге кеңес берді
Sputnik Қазақстан
Қысқа уақыттық душ жылына 15 600 литрге дейін суды үнемдейді 11.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-11T22:51+0500
2026-06-11T22:51+0500
2026-06-11T22:51+0500
су
үнемдеу
https://sputnik.kz/img/841/57/8415729_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_2f81e874f57085d17baeb79f3ece5432.jpg
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі "Суды үнемде – болашақты сақта!" акциясын қолдап, тұрғындарды су ресурстарын ұқыпты пайдалануға шақырды.Министрліктің мәліметінше, әрбір адамның күнделікті әдеттері жыл сайын мыңдаған литр суды үнемдеуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ жеміс-жидек пен көкөністі ағынды судың астында емес, арнайы ыдыста жуу арқылы жылына 1500 литрге дейін су үнемдеуге болады.Ведомство тұрмыстық техниканы тиімді пайдаланудың да маңызын атап өтті. Кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды толық жүктемемен қолдану алты адамнан тұратын отбасы үшін жылына 35 мың литрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді.Министрлік шүмектер мен сантехникалық жабдықтарды тұрақты тексеріп тұру қажеттігін де ескертті. Мамандардың айтуынша, тіпті болмашы су ағудың өзі тәулігіне 100 литрге дейін судың босқа шығындалуына себеп болуы мүмкін.Ведомство өкілдері суды үнемдеу әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтіп, табиғи ресурстарды сақтау келер ұрпақтың болашағына тікелей әсер ететінін жеткізді.
https://sputnik.kz/20260605/zhyl-basynan-beri-kaspiy-tenizine-6-mlrd-tekshe-metrden-astam-su-zhiberildi-63943597.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/841/57/8415729_107:0:1814:1280_1920x0_80_0_0_38261f022e18d90e78ca86f8c137d405.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су, үнемдеу
Денсаулық сақтау министрлігі ваннаның орнына душқа түсуге кеңес берді
Қысқа уақыттық душ жылына 15 600 литрге дейін суды үнемдейді
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі "Суды үнемде – болашақты сақта!" акциясын қолдап, тұрғындарды су ресурстарын ұқыпты пайдалануға шақырды.
Министрліктің мәліметінше, әрбір адамның күнделікті әдеттері жыл сайын мыңдаған литр суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
"Тіс тазалау кезінде шүмекті ашық қалдырмай, суды стақанға құйып пайдалану жылына 6300 литрге дейін су үнемдейді. Ал ванна қабылдаудың орнына қысқа уақыттық душ пайдалану жылына 15 600 литрге дейін суды сақтауға көмектеседі", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ жеміс-жидек пен көкөністі ағынды судың астында емес, арнайы ыдыста жуу арқылы жылына 1500 литрге дейін су үнемдеуге болады.
Ведомство тұрмыстық техниканы тиімді пайдаланудың да маңызын атап өтті. Кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды толық жүктемемен қолдану алты адамнан тұратын отбасы үшін жылына 35 мың литрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді.
"Бұдан бөлек, екі режимді су төгу багын орнату жылына 6000 литрге дейін, ал сенсорлы шүмектерді пайдалану 4500 литрге дейін суды сақтауға көмектеседі", - дейді мамандар.
Министрлік шүмектер мен сантехникалық жабдықтарды тұрақты тексеріп тұру қажеттігін де ескертті. Мамандардың айтуынша, тіпті болмашы су ағудың өзі тәулігіне 100 литрге дейін судың босқа шығындалуына себеп болуы мүмкін.
Ведомство өкілдері суды үнемдеу әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтіп, табиғи ресурстарды сақтау келер ұрпақтың болашағына тікелей әсер ететінін жеткізді.