https://sputnik.kz/20260611/bektenov-zhana-konstitutsiya-investitsiyalardy-tartuga-qalay-komektesetinin-aytty-64044853.html
Бектенов жаңа Конституция инвестиция тартуға қалай көмектесетінін айтты
Бектенов жаңа Конституция инвестиция тартуға қалай көмектесетінін айтты
Sputnik Қазақстан
Жер қойнауын пайдалану, металлургия және терең өңдеу салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру қомақты инвестиция мен ұзақмерзімді инвестициялық циклдерді талап... 11.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-11T11:03+0500
2026-06-11T11:03+0500
2026-06-11T11:21+0500
үкімет
инвестиция
форум
https://sputnik.kz/img/07ea/06/0b/64043424_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_c852a92d34e249db72bcee10a4158098.jpg
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресін ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Биылғы форумға әлемнің 16 елінен 1,5 мыңнан астам делегат келді. Ал пленарлық сессия кезінде конференц-зал адамға лық толды. Бектенов алдымен Қазақстан экономикасының 6,5%-ға өскенін, ал жалпы ішкі өнім көлемі алғаш рет 300 миллиард доллардан асқанын ерекше атап өтті. Одан кейін шетелдік делегаттарға жаңа Конституцияның инвестицияларды қалай қорғайтынын айтып берді.Оның айтуынша, бұл мәселе тау-кен металлургиясын одан әрі дамыту үшін айрықша маңызға ие."Жер қойнауын пайдалану, металлургия және терең өңдеу салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру қомақты инвестиция мен ұзақмерзімді инвестициялық циклдерді талап етеді. Сондықтан институттардың орнықтылығы, реттеудің болжамдылығы және бизнес тарапынан сенімнің жоғары деңгейі саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі шарттардың біріне айналуда",— деді премьер.Ал цифрлық экономика, жасанды интеллект, электр көліктері, микроэлектроника және аэроғарыш салаларының даму қарқынын ескерсек, металдарға деген әлемдік сұраныс арта береді. Оны халықаралық сарапшылар да растап отыр. Бұдан бөлек, аккумуляторлар, жартылай өткізгіштер, энергия сақтау жүйелері, цифрлық инфрақұрылым және басқа да көптеген бірегей технологиялар өндірісіне стратегиялық маңызы бар минералдар қажет.
https://sputnik.kz/20260609/bektenov-demalys-kezinde-biletterdi-qolayly-bagamen-satudy-tapsyrdy-64011381.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/0b/64043424_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_7aa4a9d74a89d8f48a764a600fb50f3d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, инвестиция, форум
үкімет, инвестиция, форум
Бектенов жаңа Конституция инвестиция тартуға қалай көмектесетінін айтты
11:03 11.06.2026 (жаңартылды: 11:21 11.06.2026) Жер қойнауын пайдалану, металлургия және терең өңдеу салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру қомақты инвестиция мен ұзақмерзімді инвестициялық циклдерді талап етеді
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресін ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биылғы форумға әлемнің 16 елінен 1,5 мыңнан астам делегат келді. Ал пленарлық сессия кезінде конференц-зал адамға лық толды. Бектенов алдымен Қазақстан экономикасының 6,5%-ға өскенін, ал жалпы ішкі өнім көлемі алғаш рет 300 миллиард доллардан асқанын ерекше атап өтті. Одан кейін шетелдік делегаттарға жаңа Конституцияның инвестицияларды қалай қорғайтынын айтып берді.
"Еліміздің жаңа Конституциясы осы бағыттың институционалдық негіздерін бекітеді. Ол меншік құқығы мен инвестицияларды қорғау кепілдіктерін күшейтеді, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтады және елдің ұзақ мерзімді экономикалық дамуы үшін берік негіз қалыптастырады", - деді Бектенов.
Оның айтуынша, бұл мәселе тау-кен металлургиясын одан әрі дамыту үшін айрықша маңызға ие.
"Жер қойнауын пайдалану, металлургия және терең өңдеу салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру қомақты инвестиция мен ұзақмерзімді инвестициялық циклдерді талап етеді. Сондықтан институттардың орнықтылығы, реттеудің болжамдылығы және бизнес тарапынан сенімнің жоғары деңгейі саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі шарттардың біріне айналуда",— деді премьер.
Ал цифрлық экономика, жасанды интеллект, электр көліктері, микроэлектроника және аэроғарыш салаларының даму қарқынын ескерсек, металдарға деген әлемдік сұраныс арта береді. Оны халықаралық сарапшылар да растап отыр. Бұдан бөлек, аккумуляторлар, жартылай өткізгіштер, энергия сақтау жүйелері, цифрлық инфрақұрылым және басқа да көптеген бірегей технологиялар өндірісіне стратегиялық маңызы бар минералдар қажет.
"Қазақстан елеулі минералдық-шикізаттық әлеуетке ие және осы үдерістерде лайықты орын ала алады. Еліміз пайдалы қазбалардың бірқатар түрлері бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына кіреді, ал отандық тау-кен металлургия кешенінің өнімдері әлемнің ірі нарықтарында жоғары сұранысқа ие", - дейді Бектенов.