https://sputnik.kz/20260611/astanadagy-umka-kopultty-balabaqshasynda-dostyq-kuni-otti-64063648.html
Астанадағы "Умка" көпұлтты балабақшасында Достық күні өтті
Астанадағы "Умка" көпұлтты балабақшасында Достық күні өтті
Sputnik Қазақстан
Төрт жылдан бері өткізіліп келе жатқан іс-шараға ата-аналармен қатар түрлі мемлекеттердің елшілік өкілдері де қатысады 11.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-11T21:37+0500
2026-06-11T21:37+0500
2026-06-11T21:37+0500
балабақша
достық
https://sputnik.kz/img/07ea/06/0b/64063215_0:22:1281:742_1920x0_80_0_0_133bc990c85e12c71e921d040bb4dc57.jpg
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Елордадағы "Умка" көпұлтты балабақшасында Достық күні аталып өтті.Төрт жылдан бері өткізіліп келе жатқан іс-шараға ата-аналармен қатар түрлі мемлекеттердің елшілік өкілдері де қатысады. Мұнда бұл іс-шараны этноауыл деп атайды.Іс-шараға балабақшаның негізін қалаушы әрі директоры Елена Коробкоге бастамашы болған.Балабақшаның екі корпусында 140 бала тәрбиеленеді. Қонақтар үшін ұлттық тағамдар ұсынылған этноалаңдар, шеберлік сабақтары мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Өз мәдениетін Қазақстан, Ресей, Қытай, Украина, Грузия және Үндістан таныстырды.Коробконың айтуынша, мерекенің арқасында балабақша түрлі елдердің елшіліктерімен тығыз байланыс орнатқан.Қазақстан этноауылында қонақтарға құрт, қымыз, ет, бауырсақ, жент, шелпек, сондай-ақ түрлі жеміс-жидек ұсынылды.
https://sputnik.kz/20260407/qazaqstandagy-en-qymbat-balabaqsha-qay-qalada-62435063.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/0b/64063215_131:0:1148:763_1920x0_80_0_0_45805c78346ccf30cd089ee21e1a8754.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша, достық
Астанадағы "Умка" көпұлтты балабақшасында Достық күні өтті
Төрт жылдан бері өткізіліп келе жатқан іс-шараға ата-аналармен қатар түрлі мемлекеттердің елшілік өкілдері де қатысады
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Елордадағы "Умка" көпұлтты балабақшасында Достық күні аталып өтті.
Төрт жылдан бері өткізіліп келе жатқан іс-шараға ата-аналармен қатар түрлі мемлекеттердің елшілік өкілдері де қатысады. Мұнда бұл іс-шараны этноауыл деп атайды.
Іс-шараға балабақшаның негізін қалаушы әрі директоры Елена Коробкоге бастамашы болған.
"Әкем – молдаван, анам – қазақ. Біздің отбасымызда дәстүр, салт пен наным бір арнаға тоғысқан. Бізде "қай ұлттың өкілісің", "қандай мәртебедесің", "қай дінді ұстанасың" деген бөлініс жоқ. Мен педагог болғандықтан, осы құндылықтарды балабақшадағы жұмысым арқылы жалғастырып келемін", – деді ол.
Балабақшаның екі корпусында 140 бала тәрбиеленеді. Қонақтар үшін ұлттық тағамдар ұсынылған этноалаңдар, шеберлік сабақтары мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Өз мәдениетін Қазақстан, Ресей, Қытай, Украина, Грузия және Үндістан таныстырды.
Коробконың айтуынша, мерекенің арқасында балабақша түрлі елдердің елшіліктерімен тығыз байланыс орнатқан.
"Осы мерекенің арқасында елшіліктермен достасып кеттік. Ресеймен ерекше жақын қарым-қатынас орнады. Бір-біріміздің іс-шараларымызға қатысып тұрамыз. Тәжікстанмен де жақсы араласамыз, өйткені біздің түлектеріміздің арасында елшілік қызметкерлерінің балалары бар", – деді ол.
Қазақстан этноауылында қонақтарға құрт, қымыз, ет, бауырсақ, жент, шелпек, сондай-ақ түрлі жеміс-жидек ұсынылды.