https://sputnik.kz/20260610/qaragandyda-eldin-paterin-basqalarga-zhalga-bergen-er-adam-ustaldy-64038853.html
Қарағандыда елдің пәтерін басқаларға жалға берген ер адам ұсталды
Қарағандыда елдің пәтерін басқаларға жалға берген ер адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ақшалай есеп айырысулардың бірі көпқабатты үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған 10.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-10T22:49+0500
2026-06-10T22:49+0500
2026-06-10T22:49+0500
қарағанды
алаяқ
алаяқтық
пәтер
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913731_0:59:2001:1184_1920x0_80_0_0_3b380298a18d83635182c42794dd851a.jpg
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Қарағандыда бөтеннің пәтерін басқа адамдарға жалға беріп келген ер адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.29 жастағы жігіт ондаған адамды алдап соққан.Қылмыс құрбандарының басым бөлігі – өзге өңірлерден келген азаматтар. Олардың баспана құжаттарын тексеруге мүмкіндігі болмаған, қомақты қаржыны қолма-қол тапсырған. Осындай ақшалай есеп айырысулардың бірі көпқабатты үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.Күдікті ақтөбелік азаматты да дәл осылай алдап кеткен. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20251202/almatyda-30-adamga-zhoq-paterdi-zhalga-bergen-kudikti-ustaldy-59295390.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913731_108:0:1885:1333_1920x0_80_0_0_5fdbb069f12a5fe5dae7f278945b877b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, алаяқ, алаяқтық, пәтер
қарағанды, алаяқ, алаяқтық, пәтер
Қарағандыда елдің пәтерін басқаларға жалға берген ер адам ұсталды
Ақшалай есеп айырысулардың бірі көпқабатты үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Қарағандыда бөтеннің пәтерін басқа адамдарға жалға беріп келген ер адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
29 жастағы жігіт ондаған адамды алдап соққан.
"Күдікті танымал онлайн платформалар арқылы пәтерлерді тәуліктік мерзімге жалдап алып, кейін сол баспаналарды төмен бағамен ұзақ мерзімге жалға беретіні туралы хабарландыру жариялаған. Тиімді ұсынысқа қызыққан азаматтармен кездесіп, өзін пәтер иесі ретінде таныстырып, алдын ала төлем алып отырған", - дейді полиция.
Қылмыс құрбандарының басым бөлігі – өзге өңірлерден келген азаматтар. Олардың баспана құжаттарын тексеруге мүмкіндігі болмаған, қомақты қаржыны қолма-қол тапсырған. Осындай ақшалай есеп айырысулардың бірі көпқабатты үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
"Жәбірленушілердің бірі – облыстың 23 жастағы тұрғыны. Ол интернеттен тартымды хабарландыру тауып, күдіктімен кездескен. Қажетті соманы толық төлегенімен, келесі күні пәтерге қоныстануға келгенде оның заңды иесімен бетпе-бет кездескен. Әйел өз тұрғын үйінің үшінші тұлғаларға қайта жалға беріліп жатқанынан мүлде хабарсыз болған", - дейді облыстық полиция департаменті.
Күдікті ақтөбелік азаматты да дәл осылай алдап кеткен. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.