https://sputnik.kz/20260610/astanada-politseyler-88-zhastagy-qariyany-alayaqtardan-qutqaryp-qaldy-64020821.html
Астанада полицейлер 88 жастағы қарияны алаяқтардан құтқарып қалды
Астанада полицейлер 88 жастағы қарияны алаяқтардан құтқарып қалды
Sputnik Қазақстан
Олардың нұсқауы бойынша зейнеткер депозиттік шотынан 7 миллион теңгені шешіп үлгерген 10.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-10T19:49+0500
2026-06-10T19:49+0500
2026-06-10T19:49+0500
алаяқ
алаяқтық
қария
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a3581cc1f5757b1c91e68b714687aac9.jpg
АЛМАТЫ, 10 мамыр – Sputnik. Астанада полиция қызметкерлері зейнеткердің 13 миллион теңгесін сақтап қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.Алаяқтар арбаған қарияның жасы – 88-де. Олар өзін түрлі мекеме қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерді барлық жинақ ақшасын шешіп алуға көндірмек болған.Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары зейнеткердің алаяқтық схеманың құрбаны болғанын анықтаған.Бұдан бөлек, алаяқтар әйелді басқа банк бөлімшесінен тағы 6 миллион теңге шешіп алуға және үйіндегі барлық қолма-қол ақшаны жинауға көндірмек болған. Алайда полиция мен банк қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында зейнеткердің 13 миллион теңгесі өзінде қалды.
https://sputnik.kz/20260524/qaragandyda-alayaq-bir-birine-zhaqyn-turatyn-zeynetkerlerdi-aldap-ketken-63671905.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_65ef81c5601cd75bd45ed9331a35d6fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, алаяқтық, қария
Астанада полицейлер 88 жастағы қарияны алаяқтардан құтқарып қалды
Олардың нұсқауы бойынша зейнеткер депозиттік шотынан 7 миллион теңгені шешіп үлгерген
АЛМАТЫ, 10 мамыр – Sputnik. Астанада полиция қызметкерлері зейнеткердің 13 миллион теңгесін сақтап қалды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Алаяқтар арбаған қарияның жасы – 88-де. Олар өзін түрлі мекеме қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерді барлық жинақ ақшасын шешіп алуға көндірмек болған.
"Банк қызметкері 88 жастағы клиенттің телефон арқылы белгісіз адамдармен үздіксіз сөйлесіп отырғанын байқаған. Әйелдің күмәнді нұсқауларды орындап жатқанын аңғарып, дереу полицияға хабар берді", – дейді полиция.
Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары зейнеткердің алаяқтық схеманың құрбаны болғанын анықтаған.
"Олардың нұсқауы бойынша зейнеткер депозиттік шотынан 7 миллион теңгені шешіп үлгерген. Алаяқтар оған әрбір банкнотты санап, ақшаны бөлек пакеттерге салуды тапсырған. Сондай-ақ олар қолма-қол ақшаны алуға арнайы қызметкер келетінін, қаражаттың қауіпсіздігі үшін оны уақытша алып кететінін айтқан", – дейді полиция.
Бұдан бөлек, алаяқтар әйелді басқа банк бөлімшесінен тағы 6 миллион теңге шешіп алуға және үйіндегі барлық қолма-қол ақшаны жинауға көндірмек болған. Алайда полиция мен банк қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында зейнеткердің 13 миллион теңгесі өзінде қалды.