ҰҚК елде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтетінін ескертті

© Photo : Антитеррористический центр КазахстанаТерроризмге қарсы оқу-жаттығу
Терроризмге қарсы оқу-жаттығу - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Жазылу
Бұл іс-шараларға байланысты жекеленген аудандарда автокөлік қозғалысын уақытша шектеу көзделген
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті елде республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығу өтетіні туралы ескертті.
"Найза-Антитеррор-2026" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы 2026 жылдың 5-30 маусым аралығында өткізіледі.
Ведомстводағылар азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға шақырды.
"Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеңіздер", - деп жазылған хабарламада.
Бұл іс-шараларға байланысты жекеленген аудандарда автокөлік қозғалысын уақытша шектеу көзделген.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Жамбыл облысында оқу-жаттығу кезінде әскери дрон шұғыл қонды
Жаңалықтар
0