Қазақстан былтыр 20,5 млрд доллар инвестиция тартты

© Sputnik / Абзал КалиевРосток, земля, посадка, монеты, иллюстративное фото
Росток, земля, посадка, монеты, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Жазылу
Мұнай өндірудің ЖІӨ-дегі үлесі 2010 жылғы 16,5 пайыздан 2024 жылы 8,1 пайызға дейін қысқарған
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан 2025 жылы 20,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты. Бұл туралы брифинг барысында Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.
Қазақстан экономикасына инвестиция салған негізгі үш ел:
1.
Нидерланд – 4,6 млрд доллар;
2.
Ресей – 2,9 млрд доллар;
3.
Қытай – 2,8 млрд доллар.
Қасеновтің айтуынша, соңғы 10-15 жылда Қазақстан экономикасы анағұрлым әртараптандырылған.
Ол мысал ретінде мұнай өндіру саласының жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлесі 2010 жылғы 16,5 пайыздан 2024 жылы 8,1 пайызға дейін төмендегенін атап өтті.
Суд по делу Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2026
Қазақстанның негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 10,4 млрд долларға жетті
Жаңалықтар
0