https://sputnik.kz/20260609/euroodaq-mausymda-zhana-nesieden-ukrainaga-91-milliard-euro-berudi-zhosparlap-otyr-64004115.html
Еуроодақ маусымда жаңа несиеден Украинаға 9,1 миллиард еуро беруді жоспарлап отыр
Еуроодақ маусымда жаңа несиеден Украинаға 9,1 миллиард еуро беруді жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
Бөлінген қаражаттан 5,9 миллиард еуро әскери шығындарға, ал 3,2 миллиард еуросы бюджетті қолдауға жұмсалады 09.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-09T09:07+0500
2026-06-09T09:07+0500
2026-06-09T09:38+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59842756_0:252:3078:1983_1920x0_80_0_0_9fe635d82c55227fc3b3d394e72e19d8.jpg
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Еуроодақ маусым айында жаңа несие бойынша Украинаға 9,1 миллиард еуро беруді жоспарлап отыр, деп хабарлады Еуропалық Комиссияның өкілі Балаш Уйвари.Бөлінген қаражаттан 5,9 миллиард еуро әскери шығындарға, ал 3,2 миллиард еуросы бюджетті қолдауға жұмсалады.Уйваридің айтуынша, алғашқы транзакциялар айдың екінші жартысында басталады.Бұған дейін Нидерланды парламентіндегі оңшыл "Демократияға арналған форум" (FvD) партиясының депутаты Пепайн ван Хаувелинген ЕО Украинаға жүздеген миллиард еуро бөлді, ал 2028 жылға қарай жоспар бойынша Украинаға қосымша 100 миллиард еуро "несие" беру көзделгенРесей Украинаға қару-жарақ жеткізу келісімге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жөнелтілім Ресей үшін заңды нысана болатынын хабарлады.
https://sputnik.kz/20260405/europalyq-odaq-ukrainaga-90-mlrd-euro-kreditti-bermeui-mumkin--sarapshy-62423246.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59842756_349:0:3078:2047_1920x0_80_0_0_fdf6985c0fa6567234f61b46e58b8953.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еуроодақ маусымда жаңа несиеден Украинаға 9,1 миллиард еуро беруді жоспарлап отыр
09:07 09.06.2026 (жаңартылды: 09:38 09.06.2026) Бөлінген қаражаттан 5,9 миллиард еуро әскери шығындарға, ал 3,2 миллиард еуросы бюджетті қолдауға жұмсалады
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Еуроодақ маусым айында жаңа несие бойынша Украинаға 9,1 миллиард еуро беруді жоспарлап отыр, деп хабарлады Еуропалық Комиссияның өкілі Балаш Уйвари.
Бөлінген қаражаттан 5,9 миллиард еуро әскери шығындарға, ал 3,2 миллиард еуросы бюджетті қолдауға жұмсалады.
"Біз 9,1 миллиард еуро туралы айтып отырмыз. Сондықтан бұл ақша осы айда Украинаға жетеді. Оның бір бөлігі қорғаныс қажеттіліктеріне (5,9 миллиард еуро) және 3,2 миллиард еуросы бюджетті қолдауға жұмсалады", - деді ол тілшілерге.
Уйваридің айтуынша, алғашқы транзакциялар айдың екінші жартысында басталады.
Бұған дейін Нидерланды парламентіндегі оңшыл "Демократияға арналған форум" (FvD) партиясының депутаты Пепайн ван Хаувелинген ЕО Украинаға жүздеген миллиард еуро бөлді, ал 2028 жылға қарай жоспар бойынша Украинаға қосымша 100 миллиард еуро "несие" беру көзделген
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу келісімге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жөнелтілім Ресей үшін заңды нысана болатынын хабарлады.