https://sputnik.kz/20260609/biyl-eldegi-105-gidrotekhnikalyq-nysanga-kopfaktorly-zertteu-zhurgiziledi-64004979.html
Биыл елдегі 105 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіледі
Биыл елдегі 105 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіледі
Sputnik Қазақстан
Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде жалпы саны 557 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізу көзделген 09.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-09T09:46+0500
2026-06-09T09:46+0500
2026-06-09T09:46+0500
министрлік
тексеру
су
https://sputnik.kz/img/07e7/04/06/33644114_0:0:3359:1890_1920x0_80_0_0_c375a5bd30f5b0911fff59e0e32c9fdf.jpg
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Жыл соңына дейін 105 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіледі, деп хабарлады су ресурстары және ирригация минитсрлігі.Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық меншіктегі 69 нысанды тексеруді көздеп отыр. Ал "Қазсушар" РМК республикалық меншіктегі 35 гидротехникалық нысан мен "Достық" мемлекетаралық гидроторабында көпфакторлы зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр."Көпфакторлы зерттеу су шаруашылығы нысандарының қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Уақытылы тексерулер жөндеуді қажет ететін нысандарды анықтауға, сондай-ақ апаттар мен бөгеттердің бұзылу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді. Зерттеу қорытындысы бойынша нысанның қауіпсіздік декларациясы әзірленіп, тәуелсіз сараптамаға жолданады", - деп жазылған хабарламада.Еске салсақ, 2024 жылы жоспарланған 82 нысанның орнына 84 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізілген болатын. Ал 2025 жылы коммуналдық меншіктегі 28 және республикалық меншіктегі 28 нысаннан тұратын жалпы саны 56 гидротехникалық құрылыс тексерілді.
https://sputnik.kz/20260605/zhyl-basynan-beri-kaspiy-tenizine-6-mlrd-tekshe-metrden-astam-su-zhiberildi-63943597.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/06/33644114_346:0:3077:2048_1920x0_80_0_0_b044467d4420da5e62833bb09a346016.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, тексеру, су
Биыл елдегі 105 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіледі
Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде жалпы саны 557 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізу көзделген
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Жыл соңына дейін 105 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіледі, деп хабарлады су ресурстары және ирригация минитсрлігі.
Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық меншіктегі 69 нысанды тексеруді көздеп отыр. Ал "Қазсушар" РМК республикалық меншіктегі 35 гидротехникалық нысан мен "Достық" мемлекетаралық гидроторабында көпфакторлы зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.
"Көпфакторлы зерттеу су шаруашылығы нысандарының қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Уақытылы тексерулер жөндеуді қажет ететін нысандарды анықтауға, сондай-ақ апаттар мен бөгеттердің бұзылу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді. Зерттеу қорытындысы бойынша нысанның қауіпсіздік декларациясы әзірленіп, тәуелсіз сараптамаға жолданады", - деп жазылған хабарламада.
"Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде жалпы саны 557 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізу көзделген. Су кодексіне сәйкес гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін мұндай зерттеулер әр бес жыл сайын жүргізілуі тиіс. Бұл мерзім алдыңғы тексерудің тіркелген күнінен бастап нақты есептеледі", - деді министрліктің су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Сағи Үтелов.
Еске салсақ, 2024 жылы жоспарланған 82 нысанның орнына 84 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізілген болатын. Ал 2025 жылы коммуналдық меншіктегі 28 және республикалық меншіктегі 28 нысаннан тұратын жалпы саны 56 гидротехникалық құрылыс тексерілді.