Алматы облысында ер адам әйелді қылқындырды – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинДомашнее насилие, иллюстративное фото
Домашнее насилие, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Жазылу
Куәгерлер көмекке келгенде күдікті оқиға орнынан қашып кеткен
АЛМАТЫ, 9 маусым – Sputnik. Алматы облысының Шамалған ауылы аумағында белгісіз ер адам әйелге тап беріп, оны жіппен қылқындырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға Шамалған ауылындағы өзен маңында 6 маусым күні кешкі сағат 20:05 шамасында болған. Бейнебақылау камерасына көшеде кетіп бара жатқан әйелге белгісіз ер адамның кенеттен шабуыл жасап, жіппен қылқындырмақ болған сәті түсіп қалған.
Жәбірленуші көмекке шақырып айқайлаған. Куәгерлер көмекке келгенде күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Қарасай аудандық әкімдігі.
Қазіргі уақытта күдіктінің кім екені анықталмаған. Полиция оны іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аққу - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2025
Алматыда аққуды қылқындырған ер адам қамауға алынды
Жаңалықтар
0