https://sputnik.kz/20260608/zher-satamyn-aqtobe-oblysynda-turgyndar-alayaqqa-aldandy-64000081.html
"Жер сатамын": Ақтөбе облысында тұрғындар алаяққа алданды
"Жер сатамын": Ақтөбе облысында тұрғындар алаяққа алданды
Sputnik Қазақстан
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 37 жастағы ер адамды ұстады 08.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-08T22:16+0500
2026-06-08T22:16+0500
2026-06-08T22:16+0500
ақтөбе облысы
алаяқ
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_512f56384a390d33e6fa1600b1dd09bb.jpg
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында ер адам бірнеше азаматқа жоқ жер телімдерін сатып, ақша иемденіп кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.Полицияның мәліметінше, облыс орталығынан жер сатып алмақ болған тұрғын алаяқтың арбауына түскен.Анықталғандай, күдіктінің өз иелігінде жер телімі болмаған. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас тағы үш алаяқтық дерегіне қатысы бар екені белгілі болды. Келтірілген жалпы материалдық шығын 5 миллион теңгеден асады.Полиция "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
https://sputnik.kz/20260524/qaragandyda-alayaq-bir-birine-zhaqyn-turatyn-zeynetkerlerdi-aldap-ketken-63671905.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_fe18e064bf9eb935f2d3d8fe55246177.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, алаяқ, алаяқтық
ақтөбе облысы, алаяқ, алаяқтық
"Жер сатамын": Ақтөбе облысында тұрғындар алаяққа алданды
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 37 жастағы ер адамды ұстады
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында ер адам бірнеше азаматқа жоқ жер телімдерін сатып, ақша иемденіп кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицияның мәліметінше, облыс орталығынан жер сатып алмақ болған тұрғын алаяқтың арбауына түскен.
"Күдікті жер телімдерін төмен бағамен сатуға уәде беріп, азаматтардың ақшасын иемденіп кеткен. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 37 жастағы ер адамды ұстады", – делінген Ақтөбе облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Анықталғандай, күдіктінің өз иелігінде жер телімі болмаған. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас тағы үш алаяқтық дерегіне қатысы бар екені белгілі болды. Келтірілген жалпы материалдық шығын 5 миллион теңгеден асады.
Полиция "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.