Энергетика министрлігі мен Shell жер қойнауын зерттеу бойынша ІТ-жобаны іске қосады

© Photo : Предоставлено Павлодарским домом географии Геологиялық олжа
Геологиялық олжа - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2026
Жазылу
Бұл цифрлық платформа жинақталған тарихи геологиялық деректерді терең өңдеуге және интерпретациялауға мүмкіндік береді
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Энергетика министрлігі мен Shell Қазақстан жер қойнауын зерделеу бойынша пилоттық ІТ-жобаны іске қосады.
Бүгін министрлік, "Ұлттық геологиялық қызмет" АҚ және "Шелл Қазақстан" компаниясы сәйкес меморандумға қол қойды.
"Серіктестіктің негізгі бағыты – әлемдік озық тәжірибемен алмасу және көмірсутек шикізаты бойынша геологиялық архивтерді цифрландыру. Құжат мамандарды бірлесіп оқытуға және жер қойнауын кешенді талдауға арналған тұрақты алаң қалыптастырады", - деп жазылған хабарламада.
Меморандумның практикалық өзегіне заманауи геоақпараттық жүйені әзірлеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кіреді. Бұл цифрлық платформа жинақталған тарихи геологиялық деректерді терең өңдеуге және интерпретациялауға мүмкіндік береді.
Цифрландыру республиканың ресурстық әлеуетін тереңірек түсінуге жол ашып, саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады деп күтіліп отыр.
Мах  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2026
ТМД цифрлық іздер арқылы халықты есепке алу бойынша пилоттық жобаны іске асырмақ
Жаңалықтар
0