Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 маусым

© Sputnik / Владислав Воднев8 маусым - күнтізбе
8 маусым - күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2026
Жазылу
8 маусымда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

8 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін - Бүкіләлемдік мұхиттар күні. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының бастамасымен 2009 жылдан бері аталып өтеді. Мереке күні түрлі табиғат қорғау шарасы ұйымдастырылады. Олардың көмегімен ғаламшардың болашағына алаңдаушылық білдіретін адамдар дүниежүзілік мұхит суларын мұқият зерттеу қажеттілігін әлемдік қауымдастыққа жеткізуге тырысады.
Сондай-ақ 8 маусым Ошақ басында отырған әйелдер мен үй шаруасындағы ер адамдардың мерекесі. Бұл бастаманы Әйелдердің ұлттық институтының (Мехико) қызметкері Габриэла Дельгадо ұсынды. Ол әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық беделі мен құқығын арттыру мәселесін алғашқылардың бірі болып көтерді. Бұл қозғалысқа ерлер де біртіндеп қосыла бастады. Олар қандай да бір себептермен үй шаруасымен айналысып, бала тәрбилеуге мәжбүр. Бұл әлемдегі ең жақсы жұмыстың бірі. Өйткені үй шаруасымен айналысатын жандар отбасына береке, бірлік сыйлайды. Бір өкініштісі, жалақы төленбейді.
2000 жылдан бері әлемдік медицина қауымдастығы осы күні Бүкіләлемдік ми ісігі туралы хабардар ету күнін атап өтеді. Мұндай датаны белгілеу туралы бастаманы неміс ми ісігі қауымдастығы көтерді.

8 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1824 жылы Ноа Кашинг кір жуғыш машинаны патенттеді;
1912 -жылы Лос-Анджелесте Universal киностудиясы құрылды;
1928 жылы АҚШ-тан Австралияға тұңғыш әуе тасымалы жүзеге асты;
1947 жылы Днепрде кеме қатынасы ашылды;
1963 жылы америкалық кардиологтар темекі шегуге қарсы алғашқы науқанды жарияланды.

8 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қазақстанның шетелдік инвестиция жөніндегі ұлттық агенттігі құрылды;
1998 жылы Астанада Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ескерткіштерінің ашылу рәсімі болды. Ескерткіш авторы — мүсінші Мұрат Мансұров;
2001 жылы Астанада алғашқы қазіргі заманғы өнер галереясының ашылу салтанаты өтті;
2003 жылы тұңғыш рет халықаралық "Астана – 2003" қазақ әндерінің конкурсы өтті;
2012 жылы Таразда террористке тойтарыс бере тоқтатып, ерлікпен қаза тапқан Халық Қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа ескерткіш бюсті ашылды.

8 маусымда туған танымал тұлғалар

1625 жылы италиялық астроном, Париж ғылым академиясының академигі Джованни Кассини дүниеге келді. Ол Сатурнның Япет, Рея, Тетис және Диона деп аталатын жерсерігін ашты. Сатурн сақинасы екі бөліктен тұратынын және Қызылжұлдыз бен Юпитердің айналатынын анықтады;
1810 жылы неміс композиторы, музыка сыншысы, педагог Роберт Шуман дүниеге келді;
1895 жылы футболшы, бапкер, мадридтік "Реал" футбол клубының президенті Сантьяго Бернабеу дүниеге келді. Мадридтегі стадионға оның есімі берілген;
1951 жылы британдық рок әнші Бонни Тайлер дүниеге келді;
1977 жылы америкалық рэп-орындаушы, продюсер Канье Уэст дүниеге келді.

8 маусымда Қазақстанда кім туды

1956 жылы жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Абай Мауқарұлы дүниеге келді;
1966 жылы мемлекет қайраткері, дипломат, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығының бас хатшысы Қайрат Сарыбай дүниеге келді;
1969 жылы мемлекет қайраткері, бұрынғы денсаулық сақтау министрі (2022-2024), "Ұлттық балаларды оңалту орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасы Ажар Ғиният дүниеге келді.
Жаңалықтар
0