https://sputnik.kz/20260607/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-boldy-7-mausym-63965156.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болды: 7 маусым
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болды: 7 маусым
Sputnik Қазақстан
7 маусымда не болғанын білесіз бе? 07.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-07T00:01+0500
2026-06-07T00:01+0500
2026-06-07T00:01+0500
дерекқор
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
атаулы даталар
тарихи оқиғалар
танымал есімдер
https://sputnik.kz/img/1032/33/10323350_53:0:2457:1352_1920x0_80_0_0_86f40ef1bff5fb02af5001a6b638cd6e.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.7 маусымда қандай айтулы оқиға болды7 маусым – азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі күні. 2018 жылдың желтоқсан айында БҰҰ бас ассамблеясының резолюциясы қабылданды. Мереке сол кезден бері аталып өтеді. Оларды өсіру кезінде қолданылатын тыңайтқыштар мен өндірістің қауіпсіздігі қатаң сақталуы тиіс. Мамандардың айтуынша, адамзаттың тұрақты дамуы дұрыс тамақтанумен тікелей байланысты.Қазақстанда 7 маусымда монополияға қарсы орган қызметкерлері күні аталып өтеді.Қазақстан Үкіметінің 2021 жылы 30 наурыздағы қаулысымен Қазақстандағы мерекелік даталар тізіміне толықтыру енгізіліп, 7 маусым – Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні қосылды.Сондай-ақ, бүгін Краудфандинг күні. Бұл ағылшын тілінен аударғанда халықтық қаржыландыру дегенді білдіреді. Интернет арқылы белгілі бір жобаға халықтың, көпшіліктің қаржы жинап беруі. Мұндай қолдау түрлі мақсаттарға арналуы мүмкін. Мәселен, табиғат апаттарынан зардап шеккендерге көмек, спорт командасына жанкүйерлерінің көрсеткен қолдауы, түрлі саяси науқанға қолдау білдіру, стартап-компанияларды немесе кіші бизнесті қаржыландыру.7 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар1340 жылы Голландиядағы Роттердам қаласының негізі қаланды:1632 жылы Ұлы Моғол империясында Тәж-Махал кесенесі салынды;1919 жылы Нью-Йоркте болашақ жүргізушілер жүргізуші куәлігін алу үшін алғаш рет жазбаша тест тапсырды;1929 жылы бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел Ватикан мемлекеті құрылды;1960 жылы Сауд Арабиясында әйелдерге білім алуға рұқсат берілді;1965 жылы Sony корпорациясы бағасы $ 995 болатын тұңғыш үйдегі видеомагнитофонды таныстырды;1967 жылы израильдықтар Иерусалимдегі әйгілі жылау қабырғасын өзінің бақылауына алды.7 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1812 жылы Орал қаласының іргесіндегі Хан тоғайында Бөкей сұлтан ресми түрде Ішкі орданың ханы болып жарияланды. Осылайша, Алшын елі екі дербес әкімшілік-аумаққа бөлініп, Ішкі орда және Кіші жүз хандығы қалыптасты;1924 жылы Ақтөбе облысында қазақ тілді "Ақтөбе" газетінің алғашқы саны шықты. Басылым бірнеше рет атауын өзгерткен. Бастапқыда ол "Кедей", кейін "Алға", "Социалдық жол", "Социалистік жол", "Коммунизм жолы", ал Қазақстан тәуелсіздігін алуымен "Ақтөбе" деп атала бастады;1991 жылы Қазақ КСР президентінің жарлығымен елдің бірінші монополияға қарсы ведомствосы – Қазақ КСР Мемлекеттік комитеті құрылды;1994 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаевтың "Еуразия мемлекеттер одағын құру туралы" жобасы баспасөзде жарияланды;1997 жылы Павлодарда "Таза алюминий" деп аталатын ірі өндіріс орнының алғашқы қазығын қағу рәсімі өтті;2010 жылы Қазақстан Республикасында ISO 13616: IBAN халықаралық талаптарға негізделген ISO 13616: IBAN (International Bank Account Number - банк шотының халықаралық нөмірі) және ISO 9362: BIC (Bank Identifier Codes - банктік идентификациялық коды) клиенттердің жаңа банк шотының халықаралық нөмірі мен банктік идентификациялық коды қолданыла бастады;2014 жылы Қазақстанда алғашқы "Дүниежүзілік бокс академиясы" спорттық-оқыту кешені ашылды;2017 жылы белгілі боксшы Геннадий Головкин өзінің атындағы спорт кешенін ашты.7 маусымда туған танымал тұлғалар1502 жылы Рим папасы Григорий XIII дүниеге келді. Ол күнтізбелік жүйеге өзгеріс енгізіп, тарихта қалды. Қазір Григориан күнтізбесі деп аталады;1952 жылы түрік жазушысы, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Орхан Памук дүниеге келді;1952 жылы ресейлік жазушы, тележүргізуші, түрлі әдеби премиялардың лауреаты Дарья Донцова дүниеге келді;1970 жылы бразилиялық футболшы, Бразилия құрамасындағы екі дүркін әлем чемпионы Маркус Эванжелиста ди Мораес (Кафу) дүниеге келді;1981 жылы ресейлік теннисші, фотомодель Анна Курникова дүниеге келді.7 маусымда Қазақстанда кім туды1917 жылы Ұлы отан соғысының ардагері, Кеңес одағының батыры Жанғазы Молдағалиев дүниеге келді. 1943 жылы қарашадағы ұрыс кезінде өз денесімен жау дзотын жауып, қаза тапты. Есімі Семейдегі көшеге және ол жерленген Елизаровка кентіндегі мектепке берілген;1947 жылы жазушы, ақын Иран-Ғайып (Оразбаев Иранбек Әбітайұлы) дүниеге келді. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері, талай конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. "Махамбет" трагедиясы үшін "Әдебиет" номинациясы бойынша Қазақстан республикасы меценаттар клубының "Тарлан" сыйлығына ие болды;1956 жылы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Айжан Нұрмағамбетова дүниеге келді. Қостанай облысының Сарыкөл ауданында туған. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика бөлімін, республикалық эстрада-цирк колледжін бітірген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1032/33/10323350_353:0:2156:1352_1920x0_80_0_0_a1c38786d3bf29a1ab6412eda89b427a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, атаулы даталар, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, атаулы даталар, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болды: 7 маусым
7 маусымда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
7 маусымда қандай айтулы оқиға болды
7 маусым – азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі күні. 2018 жылдың желтоқсан айында БҰҰ бас ассамблеясының резолюциясы қабылданды. Мереке сол кезден бері аталып өтеді. Оларды өсіру кезінде қолданылатын тыңайтқыштар мен өндірістің қауіпсіздігі қатаң сақталуы тиіс. Мамандардың айтуынша, адамзаттың тұрақты дамуы дұрыс тамақтанумен тікелей байланысты.
Қазақстанда 7 маусымда монополияға қарсы орган қызметкерлері күні аталып өтеді.
Қазақстан Үкіметінің 2021 жылы 30 наурыздағы қаулысымен Қазақстандағы мерекелік даталар тізіміне толықтыру енгізіліп, 7 маусым – Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні қосылды.
Сондай-ақ, бүгін Краудфандинг күні. Бұл ағылшын тілінен аударғанда халықтық қаржыландыру дегенді білдіреді. Интернет арқылы белгілі бір жобаға халықтың, көпшіліктің қаржы жинап беруі. Мұндай қолдау түрлі мақсаттарға арналуы мүмкін. Мәселен, табиғат апаттарынан зардап шеккендерге көмек, спорт командасына жанкүйерлерінің көрсеткен қолдауы, түрлі саяси науқанға қолдау білдіру, стартап-компанияларды немесе кіші бизнесті қаржыландыру.
7 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар
1340 жылы Голландиядағы Роттердам қаласының негізі қаланды:
1632 жылы Ұлы Моғол империясында Тәж-Махал кесенесі салынды;
1919 жылы Нью-Йоркте болашақ жүргізушілер жүргізуші куәлігін алу үшін алғаш рет жазбаша тест тапсырды;
1929 жылы бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел Ватикан мемлекеті құрылды;
1960 жылы Сауд Арабиясында әйелдерге білім алуға рұқсат берілді;
1965 жылы Sony корпорациясы бағасы $ 995 болатын тұңғыш үйдегі видеомагнитофонды таныстырды;
1967 жылы израильдықтар Иерусалимдегі әйгілі жылау қабырғасын өзінің бақылауына алды.
7 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1812 жылы Орал қаласының іргесіндегі Хан тоғайында Бөкей сұлтан ресми түрде Ішкі орданың ханы болып жарияланды. Осылайша, Алшын елі екі дербес әкімшілік-аумаққа бөлініп, Ішкі орда және Кіші жүз хандығы қалыптасты;
1924 жылы Ақтөбе облысында қазақ тілді "Ақтөбе" газетінің алғашқы саны шықты. Басылым бірнеше рет атауын өзгерткен. Бастапқыда ол "Кедей", кейін "Алға", "Социалдық жол", "Социалистік жол", "Коммунизм жолы", ал Қазақстан тәуелсіздігін алуымен "Ақтөбе" деп атала бастады;
1991 жылы Қазақ КСР президентінің жарлығымен елдің бірінші монополияға қарсы ведомствосы – Қазақ КСР Мемлекеттік комитеті құрылды;
1994 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаевтың "Еуразия мемлекеттер одағын құру туралы" жобасы баспасөзде жарияланды;
1997 жылы Павлодарда "Таза алюминий" деп аталатын ірі өндіріс орнының алғашқы қазығын қағу рәсімі өтті;
2010 жылы Қазақстан Республикасында ISO 13616: IBAN халықаралық талаптарға негізделген ISO 13616: IBAN (International Bank Account Number - банк шотының халықаралық нөмірі) және ISO 9362: BIC (Bank Identifier Codes - банктік идентификациялық коды) клиенттердің жаңа банк шотының халықаралық нөмірі мен банктік идентификациялық коды қолданыла бастады;
2014 жылы Қазақстанда алғашқы "Дүниежүзілік бокс академиясы" спорттық-оқыту кешені ашылды;
2017 жылы белгілі боксшы Геннадий Головкин өзінің атындағы спорт кешенін ашты.
7 маусымда туған танымал тұлғалар
1502 жылы Рим папасы Григорий XIII дүниеге келді. Ол күнтізбелік жүйеге өзгеріс енгізіп, тарихта қалды. Қазір Григориан күнтізбесі деп аталады;
1952 жылы түрік жазушысы, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Орхан Памук дүниеге келді;
1952 жылы ресейлік жазушы, тележүргізуші, түрлі әдеби премиялардың лауреаты Дарья Донцова дүниеге келді;
1970 жылы бразилиялық футболшы, Бразилия құрамасындағы екі дүркін әлем чемпионы Маркус Эванжелиста ди Мораес (Кафу) дүниеге келді;
1981 жылы ресейлік теннисші, фотомодель Анна Курникова дүниеге келді.
7 маусымда Қазақстанда кім туды
1917 жылы Ұлы отан соғысының ардагері, Кеңес одағының батыры Жанғазы Молдағалиев дүниеге келді. 1943 жылы қарашадағы ұрыс кезінде өз денесімен жау дзотын жауып, қаза тапты. Есімі Семейдегі көшеге және ол жерленген Елизаровка кентіндегі мектепке берілген;
1947 жылы жазушы, ақын Иран-Ғайып (Оразбаев Иранбек Әбітайұлы) дүниеге келді. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері, талай конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. "Махамбет" трагедиясы үшін "Әдебиет" номинациясы бойынша Қазақстан республикасы меценаттар клубының "Тарлан" сыйлығына ие болды;
1956 жылы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Айжан Нұрмағамбетова дүниеге келді. Қостанай облысының Сарыкөл ауданында туған. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика бөлімін, республикалық эстрада-цирк колледжін бітірген.