https://sputnik.kz/20260607/balqash-aurukhanasynda-qaytarylgan-aktivter-esebinen-auqymdy-zhangyrtu-zhumystary-zhurgizildi-63972243.html
Балқаш ауруханасында қайтарылған активтер есебінен ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді
Балқаш ауруханасында қайтарылған активтер есебінен ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді
Sputnik Қазақстан
Кадрлық қамтамасыз ету тұрғысынан бүгінде мұнда шамамен 900 қызметкер, оның ішінде 150-ге жуық дәрігер жұмыс істейді 07.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-07T12:52+0500
2026-06-07T12:52+0500
2026-06-07T12:52+0500
балқаш
аурухана
үкімет
https://sputnik.kz/img/07ea/06/07/63971665_0:123:819:584_1920x0_80_0_0_84cb6ccbd7024c425524b66f877c291e.jpg
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Балқаш ауруханасында қайтарылған активтердің есебінен жүргізілген ауқымды жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.Осылайша Балқаш, Приозерск қалаларының, Саяқ кентінің, сондай-ақ Шет және Ақтоғай аудандарының тұрғындары жаңартылған корпустарда диагностика мен ем алудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізді.Мұнда қолданыстағы барлық стандартқа сәйкес келетін заманауи қабылдау бөлімі орналастырылды. Кадрлық қамтамасыз ету тұрғысынан бүгінде мұнда шамамен 900 қызметкер, оның ішінде 150-ге жуық дәрігер жұмыс істейді.Биыл ұжымға травматолог, екі сәулелік диагностика маманы және екі интервенциялық кардиолог қосылды. Резидентураны аяқтағаннан кейін уролог, хирург және терапевттерді қоса алғанда, тағы бірнеше маманның келуі күтіліп отыр, дейді министрлікте.Тораңғалық және Шұбартүбек курорттық кенттерінде медициналық пункттер жұмыс істейді. Оларға жергілікті тұрғындармен қатар туристер де жүгіне алады.
https://sputnik.kz/20260107/soltustik-qazaqstanda-qaytarylgan-aktivter-esebinen-aurukhanaga-zhondeu-zhurgiziledi-60203825.html
балқаш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/07/63971665_0:333:819:947_1920x0_80_0_0_dda1550d5a716129f28ab0a2bd48873a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балқаш, аурухана, үкімет
Балқаш ауруханасында қайтарылған активтер есебінен ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді
Кадрлық қамтамасыз ету тұрғысынан бүгінде мұнда шамамен 900 қызметкер, оның ішінде 150-ге жуық дәрігер жұмыс істейді
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Балқаш ауруханасында қайтарылған активтердің есебінен жүргізілген ауқымды жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Осылайша Балқаш, Приозерск қалаларының, Саяқ кентінің, сондай-ақ Шет және Ақтоғай аудандарының тұрғындары жаңартылған корпустарда диагностика мен ем алудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізді.
"Аурухана 340 жатын орынға арналған және барлық дерлік бейінді бөлімшені қамтиды. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде негізгі ғимаратқа ауданы шамамен 1,4 мың шаршы метр болатын жаңа қосымша корпус салынды", - деп жазылған хабарламада.
Мұнда қолданыстағы барлық стандартқа сәйкес келетін заманауи қабылдау бөлімі орналастырылды. Кадрлық қамтамасыз ету тұрғысынан бүгінде мұнда шамамен 900 қызметкер, оның ішінде 150-ге жуық дәрігер жұмыс істейді.
Биыл ұжымға травматолог, екі сәулелік диагностика маманы және екі интервенциялық кардиолог қосылды. Резидентураны аяқтағаннан кейін уролог, хирург және терапевттерді қоса алғанда, тағы бірнеше маманның келуі күтіліп отыр, дейді министрлікте.
Тораңғалық және Шұбартүбек курорттық кенттерінде медициналық пункттер жұмыс істейді. Оларға жергілікті тұрғындармен қатар туристер де жүгіне алады.