Astana Half Marathon 2026: жарыста шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатылды

© Photo : Астана әкімдігіAstana Half Marathon 2026 шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты
Astana Half Marathon 2026 шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2026
Жазылу
Жыл сайын Astana Half Marathon әлемнің әртүрлі елдерінен келетін қатысушылар санын арттырып келеді
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Астанада бесінші мерейтойлық Astana Half Marathon жарысы 7 000 қатысушының басын қосып, жарыс тарихындағы шетелдік спортшылар саны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Биыл жарыс жолына әлемнің 30-дан астам елінен келген 243 шетелдік желаяқ шықты. Шетелдік қатысушылардың ең көбі Ресейден – 91 адам, Өзбекстаннан – 28 және АҚШ-тан – 17 адам. Сондай-ақ жарысқа Қытайдан 15, Қырғызстаннан 14, Франциядан 11, Оңтүстік Кореядан 6, Ұлыбританиядан 6, Польшадан 5 және Германиядан 5 адам қатысты. Жарыс географиясы Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Таяу Шығыс пен Мұхит елдерін қамтыды.
Бағыт Тәуелсіздік алаңынан басталып, "Арқар" және "Сығанақ – Мәңгілік Ел" көпірлері арқылы өтіп, "Ақорда", Есіл өзенінің жағалауы, "Бәйтерек" монументі, Abu Dhabi Plaza кешені және EXPO аумағын қамтыды. Мұндай маршрут қала қонақтарына спорттық іс-шараға қатысып қана қоймай, Астананың заманауи сәулетімен және көрнекті орындарымен танысуға мүмкіндік берді.
"Жыл сайын Astana Half Marathon әлемнің әртүрлі елдерінен келетін қатысушылар санын арттырып келеді. Бұл жарыстың халықаралық мәртебесінің өсіп келе жатқанын және Астананың әлемдік жүгіру картасындағы орнын нығайтып жатқанын көрсетеді. Astana Half Marathon Халықаралық марафондар мен жүгіру жарыстары қауымдастығына (AIMS) кіреді, ал оның бағыттары World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған. Бұл қашықтықтың дәлдігін және нәтижелердің әділдігін қамтамасыз етеді. Сондықтан көптеген тәжірибелі желаяқ жеке рекордын жаңарту үшін Астанадағы жарысты таңдайды. Astana Half Marathon – елорда үшін өзін мыңдаған қатысушы мен қонаққа әкімшілік орталық ретінде ғана емес, сонымен қатар заманауи, белсенді әрі ашық қала ретінде таныту мүмкіндігі", – деді "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.
Спорттық бағдарламамен қатар ұйымдастырушылар экологиялық бастамаларды да дамытуды жалғастырды.
Жалпыұлттық "Таза Қазақстан" акциясы аясында жарыс бағыты бойында және старт-мәре қалашығында қоқыстарды бөлек жинау пунктері және қатысушылар мен қонақтарға арналған интерактивті экологиялық аймақтар жұмыс істеді.
EcoNetwork-пен серіктестік аясында жиналған қайта өңдеуге жарамды қоқыстың бәрі қайта өңдеуге жіберіледі.
Astana Half Marathon жарысының басты экологиялық жаңалықтарының бірі – PET 1 таңбасы бар, 100 пайыз қайта өңделетін пластиктен жасалған бір реттік стақандар. Олар барлық тамақтану орнында пайдаланылып, жарыс аяқталғаннан кейін экологиялық еріктілер қайта өңдеуге жіберу үшін жинастырды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай тәжірибе Қазақстандағы бұқаралық жүгіру жарыстарында алғаш рет енгізіліп отыр.
80 жастағы Салтанат Түйтебаев Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында өткен марафонға қатысты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Жарақат алса да, бас тартпаған: 80 жастағы ақсақал Оңтүстік Африкадағы марафонға қатысты
Жаңалықтар
0