https://sputnik.kz/20260606/nato-kievke-askeri-komekke-arnalgan-zhana-qarzhylyq-mindettemelerdi-talqylap-zhatyr--baq-63959281.html
НАТО Киевке әскери көмекке арналған жаңа қаржылық міндеттемелерді талқылап жатыр – БАҚ
НАТО Киевке әскери көмекке арналған жаңа қаржылық міндеттемелерді талқылап жатыр – БАҚ
Sputnik Қазақстан
Альянс елдері 70 миллиард еуроны құрайтын жаңа қаржылық міндеттемелер пакетін қарастырып жатыр 06.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-06T11:32+0500
2026-06-06T11:32+0500
2026-06-06T12:04+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
нато
украина
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_0:370:2932:2019_1920x0_80_0_0_53ce4aa86832845490bc48026253088d.jpg
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. НАТО-ға мүше мемлекеттер Украинаға әскери қолдау көрсету үшін көлемі 70 миллиард еуроны құрайтын жаңа қаржылық міндеттемелер пакетін қарастырып жатыр. Бұл туралы Politico басылымы Солтүстік Атлантикалық альянс елдерінің дипломаттарына сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды РИА Новости.Хабарламада айтылғандай, аталған бастаманы өткен айда неміс тарапы ұсынған. Екі дипломаттың сөзінше, қаржының 30 миллиард еуросы Киевке бұрын мақұлданған 90 миллиард еуролық несие аясынан бөлінеді. Ал қалған 40 миллиард еуро мемлекеттердің екіжақты міндеттемелері арқылы қамтамасыз етілмек.Сондай-ақ, басылым дереккөздерінің мәліметіне сәйкес, Украинаға бөлінетін қаражаттың ашықтығын арттыру көзделіп отыр. Бұл бірқатар елдің өздерінің Украинаға қосып отырған үлесі шамадан тыс жоғары екеніне қатысты алаңдаушылық білдіруімен байланысты.Бұған дейін еурокомиссар Валдис Домбровскис Еуропалық комиссия мен Украина арасында 2026–2027 жылдарға арналған 90 миллиард еуро көлеміндегі несие бөлу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын мәлімдеген болатын.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жөнелтілім Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.
https://sputnik.kz/20260604/100-mlrd-euro-niderlandy-euroodaqtyn-ukrainaga-zhana-nesie-beru-zhosparymen-bolisti-63933761.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_102:0:2831:2047_1920x0_80_0_0_d1f3ecacca0c1b5c4db90106b0d38aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нато, украина
НАТО Киевке әскери көмекке арналған жаңа қаржылық міндеттемелерді талқылап жатыр – БАҚ
11:32 06.06.2026 (жаңартылды: 12:04 06.06.2026) Альянс елдері 70 миллиард еуроны құрайтын жаңа қаржылық міндеттемелер пакетін қарастырып жатыр
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. НАТО-ға мүше мемлекеттер Украинаға әскери қолдау көрсету үшін көлемі 70 миллиард еуроны құрайтын жаңа қаржылық міндеттемелер пакетін қарастырып жатыр. Бұл туралы Politico басылымы Солтүстік Атлантикалық альянс елдерінің дипломаттарына сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды
РИА Новости. "НАТО елдері келесі айда Анкарада өтетін альянс саммитінде жариялануы мүмкін Украинаға арналған 70 миллиард еуро көлеміндегі жаңа әскери қаржыландыру міндеттемесін талқылап жатыр",- деп хабарлайды басылым НАТО-ға мүше мемлекеттердің төрт дипломатына сілтеме жасай отырып.
Хабарламада айтылғандай, аталған бастаманы өткен айда неміс тарапы ұсынған. Екі дипломаттың сөзінше, қаржының 30 миллиард еуросы Киевке бұрын мақұлданған 90 миллиард еуролық несие аясынан бөлінеді. Ал қалған 40 миллиард еуро мемлекеттердің екіжақты міндеттемелері арқылы қамтамасыз етілмек.
Сондай-ақ, басылым дереккөздерінің мәліметіне сәйкес, Украинаға бөлінетін қаражаттың ашықтығын арттыру көзделіп отыр. Бұл бірқатар елдің өздерінің Украинаға қосып отырған үлесі шамадан тыс жоғары екеніне қатысты алаңдаушылық білдіруімен байланысты.
Бұған дейін еурокомиссар Валдис Домбровскис Еуропалық комиссия мен Украина арасында 2026–2027 жылдарға арналған 90 миллиард еуро көлеміндегі несие бөлу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын мәлімдеген болатын.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жөнелтілім Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.