"Үздік үштікке бет алдық": Қазақстанның май өнімдері қай елдерге сатылады

© РИА Новости / Медиабанкке өтуПроизводство растительного масла
Производство растительного масла  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2026
Жазылу
Бүгінде күнбағыс майын экспорттайтын әлемнің үздік үштігіне Ресей, Украина және Аргентина кіреді
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Қазақстан май өнімдерінің экспорты бойынша әлемнің үздік үштігіне кіруге мүдделі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, былтыр шетелге сатылған отандық май өнімдерінен 963 млн доллар табыс түскен. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда төрт есе артық. Ол кезде экспорттан түскен табыс 240 млн доллар болған.
"Бүгінде Қазақстан күнбағыс майын экспорттау көлемі бойынша әлемде 6-орынға ие, ал Қытайда осы өнімді сату жағынан 2-орында тұр. Ал Орталық Азияны күнбағыс күнжарасымен толығымен қамтамасыз етіп отыр. Ол жағынан Еуропалық одақта да көшбасшылар қатарына кіреміз. Біздің мақсатымыз - 2028 жылға қарай экспорттан түсетін валюталық түсімді 1,5 млрд АҚШ долларына жеткізіп, күнбағыс майын экспорттайтын әлемнің үздік үш мемлекетінің қатарына қосылуға негіз жасау", - деді Жұманғарин Астанадағы халықаралық конференцияда.
Қазіргі кезде Қазақстанның май өнімдері әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады. Соның ішінде Қытай, Германия, Италия, Дания, Польша, Швеция, Норвегия, Балтық елдері, Ауғанстан мен Иран бар. Ал Өзбекстан мен Тәжікстанды өсімдік майымен 90 процентке қамтамасыз етіп отыр.
Айта кетері, бүгінде күнбағыс майын экспорттайтын әлемнің үздік үштігіне Ресей, Украина және Аргентина кіреді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2025
Шығыс Қазақстан облысында май өндіретін жаңа зауыт ашылды
Жаңалықтар
0