https://sputnik.kz/20260605/qauipti-ondiristerdegi-zhazatayym-oqigalar-ush-ese-azaydy-63915624.html
Қауіпті өндірістердегі жазатайым оқиғалар үш есе азайды
Қауіпті өндірістердегі жазатайым оқиғалар үш есе азайды
Sputnik Қазақстан
Кәсіпорындарда жыл басынан бері 5 адам қаза тапты 05.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-05T08:00+0500
2026-06-05T08:00+0500
2026-06-05T08:00+0500
жарақат
өндіріс
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1d/48916105_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_a776438c719555c6ff4ed717c2ae8d90.jpg
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Биылғы жылдың алғашқы бес айында Қазақстанның қауіпті өндірістік нысандарында 5 адам көз жұмды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен (15 адам) салыстырғанда үш есе аз, деп хабарлайды Ranking.kz.Жарақат алғандар саны да қысқарды: 8 адамнан 6 адамға дейін азайды.Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ел кәсіпорындарында 2,3 мың адам зардап шеккен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,3%-ға аз.Ал биылғы жылдың көрсеткіштері осы жалпы үрдісті растай түсті. 2025 жылы елдегі барлық кәсіпорында қаза тапқандар саны да 0,5%-ға қысқарды.Өңірлердегі жағдай біркелкі емес екені байқалады. 2025 жылы зардап шеккендер мен қаза тапқандардың ең көп саны тау-кен өндіру саласы және онымен байланысты өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамыған өңірлерде тіркелді. Олар: Шығыс Қазақстан облысы – 287 адам, Қарағанды облысы – 277 адам және Ұлытау облысы – 252 адам.Айта кету керек, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың 34,2%-ы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек еткен. Бұл салада барлығы 796 адам зардап шексе немесе қаза тапса, олардың 35-і көз жұмған. Шахталарда, кеніштерде және басқа да тау-кен өндіру нысандарында 2025 жылы 380 қазақстандық зардап шекті, олардың 19-ы көз жұмды.Биылғы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары өндірістік жарақаттану оқиғаларын жасырудың 39 дерегін тіркеді.
https://sputnik.kz/20260602/ministr-olim-men-zharaqat-zhii-bolatyn-salalardy-atady-63873763.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1d/48916105_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_901e87ec95490be471fc244159023a58.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жарақат, өндіріс
Қауіпті өндірістердегі жазатайым оқиғалар үш есе азайды
Кәсіпорындарда жыл басынан бері 5 адам қаза тапты
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Биылғы жылдың алғашқы бес айында Қазақстанның қауіпті өндірістік нысандарында 5 адам көз жұмды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен (15 адам) салыстырғанда үш есе аз, деп хабарлайды
Ranking.kz. Жарақат алғандар саны да қысқарды: 8 адамнан 6 адамға дейін азайды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ел кәсіпорындарында 2,3 мың адам зардап шеккен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,3%-ға аз.
"Мұндай оң динамикаға ең алдымен жарақат алғандар санының азаюы ықпал етті. 2,1 мың адам әртүрлі жарақат пен зақым алған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,2%-ға төмен. Бұл өндірістік жарақаттанудың алдын алу шараларының өз нәтижесін беріп жатқанын көрсетеді", - деп жазды портал.
Ал биылғы жылдың көрсеткіштері осы жалпы үрдісті растай түсті. 2025 жылы елдегі барлық кәсіпорында қаза тапқандар саны да 0,5%-ға қысқарды.
Өңірлердегі жағдай біркелкі емес екені байқалады. 2025 жылы зардап шеккендер мен қаза тапқандардың ең көп саны тау-кен өндіру саласы және онымен байланысты өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамыған өңірлерде тіркелді. Олар: Шығыс Қазақстан облысы – 287 адам, Қарағанды облысы – 277 адам және Ұлытау облысы – 252 адам.
Айта кету керек, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың 34,2%-ы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек еткен. Бұл салада барлығы 796 адам зардап шексе немесе қаза тапса, олардың 35-і көз жұмған. Шахталарда, кеніштерде және басқа да тау-кен өндіру нысандарында 2025 жылы 380 қазақстандық зардап шекті, олардың 19-ы көз жұмды.
Биылғы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары өндірістік жарақаттану оқиғаларын жасырудың 39 дерегін тіркеді.