Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Германия соғысты қаржыландырғысы келмейді – неміс депутаты

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуБундестаг
Бундестаг - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2026
Жазылу
Ресейден Еуропаға тартылған "Солтүстік ағын 1" және "Солтүстік ағын 2" газ құбырлары 2022 жылдың қыркүйегінде жарылған болатын
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Германия соғысты қаржыландырғысы келмейді, Украинадағы қақтығыс – біздің қақтығысымыз емес, деп мәлімдеді Бундестагтағы оппозициялық оңшыл "Германия үшін балама" партиясының депутаты Маркус-Корнел Фронмайер.
Ол Петербург халықаралық экономикалық форумында (ПХЭФ) сөйлеген сөзінде:
"Біз соғысты қаржыландырғымыз келмейді, ал Украинадағы қақтығыс – біздің қақтығысымыз емес. Украина НАТО-ның да, Еуроодақтың да мүшесі емес", - деп атап өтті.
"Немістің мүддесін қорғайтын саясаткер ретінде мен үшін жүздеген миллиард доллардың Украинаға не үшін төленіп жатқанын түсіну қиын. Бұл "Солтүстік ағыны" құбырын жарған ел ғой", — деп толықтырды неміс депутаты.
Ресейден Еуропаға тартылған "Солтүстік ағын 1" және "Солтүстік ағын 2" газ құбырлары 2022 жылдың 26 қыркүйегінде жарылған болатын. Германия, Дания және Швеция бұл жағдайды әдейі жасалған диверсия болуы мүмкін екенін жоққа шығармаған.
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Путинге ашық хат арқылы қақтығысты аяқтауды ұсынды
Жаңалықтар
0