Жылу тарифін негізсіз көтерген кәсіпорынға 3,4 млн теңге айыппұл салынды

Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2026
Жазылу
Рудный қаласында тариф 1,73%-ке, ал Қашар кентінде 6%-ке төмендетілді
АЛМАТЫ, 4 маусым – Sputnik. Қостанай облысында Рудный қаласы мен Қашар кентінің тұрғындарына жылу тарифі негізсіз көтерілген, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
"Рудный жылу желілері" кәсіпорны тарифтік сметаның жекелеген баптарын 150 млн теңгеден астам сомаға орындамаған.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті кәсіпорынның қызмет тарифін қайта есептеген.

"Нәтижесінде биылғы жылдың 1 маусымынан бастап Рудный қаласының 100 мың тұрғыны мен 997 ұйымы үшін жылумен жабдықтау қызметіне уақытша өтемдік тариф енгізілді. Рудный қаласында тариф 177,96 теңгеге, яғни 1,73%-ке төмендетілді, ал Қашарда 6%-ке төмендетілді", - дейді прокуратура.

Заңды бұзған кәсіпорын әкімшілік жауапқа тартылып, 3,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл толық көлемде өндірілді.
Газовая конфорка - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2026
Газды көп тұтынатындар үшін төлемақы жоғары болады
Жаңалықтар
0