https://sputnik.kz/20260604/zhi-salasyndagy-qazaqstan-men-resey-yntymaqtastygy-pkhef-alanynda-talqylandy-63913026.html
ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды
ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды
Sputnik Қазақстан
Пікірталасқа екі елдің мемлекеттік органдарының, іскерлік және сараптамалық қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты 04.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-04T09:15+0500
2026-06-04T09:15+0500
2026-06-04T09:15+0500
санкт-петербург
халықаралық форум
https://sputnik.kz/img/07ea/06/04/63911005_0:25:1192:696_1920x0_80_0_0_70061075561e6b3fb114334df3ba693d.jpg
АСТАНА, 4 маусым — Sputnik. XXIX Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ) аясында өткен "Өнеркәсіптік трансформация және жасанды интеллект: Ресей мен Қазақстандағы бизнестің тиімділігі мен тұрақтылығын арттырудың жаңа мүмкіндіктері" атты бизнес-диалогты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі ұйымдастырды.Пікірталасқа мемлекеттік органдардың, іскерлік және сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері, екі елдің кәсіпкерлері қатысты.Кездесу модераторы, "Russian Business Guide" журналының бас редакторы Мария Суворовская Ресей мен Қазақстан нарығында жұмыс істейтін компаниялар үшін цифрлық құралдар мен шешімдерді, сондай-ақ жасанды интеллектті енгізу бірден бірнеше маңызды бағыт: өнеркәсіпті жаңғырту, инновацияларды дамыту, позицияларды, соның ішінде, халықаралық нарықтарда нығайту үшін жағдай жасайтынын атап өтті.Ресей-Қазақстан Іскерлік кеңесінің Ресей бөлімінің төрағасы Наталья Крючкова екі ел арасындағы ынтымақтастық локализация мен қатысу үрдісінің арқасында одан әрі тереңдей түсті деп есептейді. Ол соңғы мәліметтер бойынша республикада росс капиталдың қатысуымен 23 мыңнан астам компания тіркелгенін айтып өтті.ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев цифрлық қызметтердің даму деңгейі бойынша Қазақстан Online Services Index рейтингінде 10-шы және ТМД бойынша 1-ші орында екенін атап өтті.Бұл Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымы өзінің тиімділігін дәлелдегенін, халықаралық деңгейде танылғанын растайды және оны дамыту тәжірибесі пайдалы болуы мүмкін, - деп түйіндеді ол."KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловтың бағалауы бойынша Ресеймен арадағы ынтымақтастық әлеуеті әлі де толық көлемде пайдаланылмай отыр. Ол ресейлік инвесторларды белсенді бірлескен жұмысқа шақырып, ұсынылатын жеңілдіктер мен преференциялардың ішінен салықтан босату мен үшінші елдердің нарығына шығарылатын экспорттық тауарлардың логистикасын субсидиялау шараларын атап көрсетті."ЕвроХим" компаниясының бас директоры Игорь Ахмеров Қазақстанда жұмыс істеу жеңіл әрі жайлы екенін айтты.Ал "Сбербанк" ЖАҚ аға вице-президенті, Корпоративтік бизнесті дамыту департаментінің директоры Владимир Ситнов банк саласында жасанды интеллектті енгізу тәжірибесін бөлісті."Росхим" АҚ маркетинг жөніндегі директоры Елена Дмитриева Қазақстан мен Ресейдің шикізат материалдарының ауқымды қоры бар екенін еске салды."Біздің міндетіміз – елдеріміздің технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін және қосылған құнды арттыратын жаңа өнімдерді әзірлеп, нарыққа шығару үшін жасанды интеллектіні қолдана отырып, берік негіз жасау", - деді ол.
санкт-петербург
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/04/63911005_116:0:1076:720_1920x0_80_0_0_ad9f23afb9c8ce554053df2bf3386177.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
санкт-петербург, халықаралық форум
санкт-петербург, халықаралық форум
ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды
Пікірталасқа екі елдің мемлекеттік органдарының, іскерлік және сараптамалық қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты
АСТАНА, 4 маусым — Sputnik. XXIX Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ) аясында өткен "Өнеркәсіптік трансформация және жасанды интеллект: Ресей мен Қазақстандағы бизнестің тиімділігі мен тұрақтылығын арттырудың жаңа мүмкіндіктері" атты бизнес-диалогты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі ұйымдастырды.
Пікірталасқа мемлекеттік органдардың, іскерлік және сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері, екі елдің кәсіпкерлері қатысты.
Кездесу модераторы, "Russian Business Guide" журналының бас редакторы Мария Суворовская Ресей мен Қазақстан нарығында жұмыс істейтін компаниялар үшін цифрлық құралдар мен шешімдерді, сондай-ақ жасанды интеллектті енгізу бірден бірнеше маңызды бағыт: өнеркәсіпті жаңғырту, инновацияларды дамыту, позицияларды, соның ішінде, халықаралық нарықтарда нығайту үшін жағдай жасайтынын атап өтті.
Ресей-Қазақстан Іскерлік кеңесінің Ресей бөлімінің төрағасы Наталья Крючкова екі ел арасындағы ынтымақтастық локализация мен қатысу үрдісінің арқасында одан әрі тереңдей түсті деп есептейді. Ол соңғы мәліметтер бойынша республикада росс капиталдың қатысуымен 23 мыңнан астам компания тіркелгенін айтып өтті.
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев цифрлық қызметтердің даму деңгейі бойынша Қазақстан Online Services Index рейтингінде 10-шы және ТМД бойынша 1-ші орында екенін атап өтті.
Бұл Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымы өзінің тиімділігін дәлелдегенін, халықаралық деңгейде танылғанын растайды және оны дамыту тәжірибесі пайдалы болуы мүмкін, - деп түйіндеді ол.
"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловтың бағалауы бойынша Ресеймен арадағы ынтымақтастық әлеуеті әлі де толық көлемде пайдаланылмай отыр. Ол ресейлік инвесторларды белсенді бірлескен жұмысқа шақырып, ұсынылатын жеңілдіктер мен преференциялардың ішінен салықтан босату мен үшінші елдердің нарығына шығарылатын экспорттық тауарлардың логистикасын субсидиялау шараларын атап көрсетті.
"ЕвроХим" компаниясының бас директоры Игорь Ахмеров Қазақстанда жұмыс істеу жеңіл әрі жайлы екенін айтты.
"Бұл – қызметті жүзеге асыру үшін жеңілдіктер мен преференциялар ұсынуда икемділік танытып отырған қуатты мемлекет, - деп атап өтті ол.
Ал "Сбербанк" ЖАҚ аға вице-президенті, Корпоративтік бизнесті дамыту департаментінің директоры Владимир Ситнов банк саласында жасанды интеллектті енгізу тәжірибесін бөлісті.
"Росхим" АҚ маркетинг жөніндегі директоры Елена Дмитриева Қазақстан мен Ресейдің шикізат материалдарының ауқымды қоры бар екенін еске салды.
"Біздің міндетіміз – елдеріміздің технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін және қосылған құнды арттыратын жаңа өнімдерді әзірлеп, нарыққа шығару үшін жасанды интеллектіні қолдана отырып, берік негіз жасау", - деді ол.