Жаза мерзімін шартты түрде қысқарту мүмкіндігі енгізіледі

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2026
Жазылу
Жазасын өтеп жатқан адам соңғы бір жыл ішінде тәртіптік жаза алмаған болса, жазаның қалған мерзімі бір айға шартты түрде қысқартылуы мүмкін
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Сенат Қылмыстық кодекске бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуға қатысты жаңа бап енгізуді қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенатор Марат Қожаев айтуынша, Қылмыстық кодекске жаңа 73-1 бап енгізіліп отыр. Ол бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту тәртібін қарастырады.
"Осы бапқа сәйкес, жазасын өтеп жатқан адам соңғы бір жыл ішінде тәртіптік жаза алмаған болса, сот шешімімен жазаның қалған мерзімі бір айға шартты түрде қысқартылуы мүмкін", – деді Қожаев Сенаттың бүгінгі отырысында.
Айта кетері, сенат бүгін тиісті заңды бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюына жібереді.
Судебный молоток - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2026
Қылмыстық және әкімшілік рақымшылыққа кімдер ілігуі мүмкін
Жаңалықтар
0