https://sputnik.kz/20260604/qylmystyq-top-190-myn-tonnadan-astam-benzindi-elden-zansyz-eksporttagan-63927661.html
Қылмыстық топ 190 мың тоннадан астам бензинді елден заңсыз экспорттаған
Қылмыстық топ 190 мың тоннадан астам бензинді елден заңсыз экспорттаған
Sputnik Қазақстан
Қырғызстанға бензинді заңсыз алып өтпек болғандар мемлекетке 40 млрд теңгеге жуық шығын келтірді 04.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-04T16:25+0500
2026-06-04T16:25+0500
2026-06-04T16:25+0500
бензин
қылмыс
қырғызстан
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55339359_0:0:2979:1677_1920x0_80_0_0_908b2939f3b5ac53624729fe21bc62b3.jpg
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. АИ-92 маркалы бензинді Қырғыз Республикасына заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеп-тексеруді аяқталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.Топ құрамында 9 адам болған. Заңсыз схеманы жүзеге асыру үшін олар мұнай өнімдерін сатып алу, құжат рәсімдеу және экспорттау мақсатында 12 заңды тұлғаны тіркеген.Бензиннің шығу тегін заңдастыру және оны шетелге шығару үшін күдіктілер "Қара Май ОйЛ" ЖШС мен "Petro Bazis" ЖШС шағын мұнай өңдеу зауыттарын пайдаланған. Құжат жүзінде кәсіпорындар АИ-92 бензинін жеңіл дистиллятпен немесе еріткішпен араластыру қызметін көрсеткен.Алайда іс жүзінде олардың қызметі бензинді ешқандай технологиялық өңдеусіз теміржол цистерналарына құюмен ғана шектелген.Кейін жалған құжаттар рәсімделіп, олардың негізінде бензин ароматты көмірсутектер қоспасы, еріткіштер немесе жеңіл көмірсутектер қоспасы ретінде декларацияланған.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "Түрксіб" станциясында Қырғыз Республикасына жөнелтілмек болған шамамен 500 тонна заңсыз бензин тиелген 8 теміржол цистернасы ұсталды.Құны 138 млн теңге болатын тәркіленген бензин мемлекет кірісіне өткізілді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
https://sputnik.kz/20260526/qylmystyq-top-qurylys-kompaniyalaryna-zhalgan-aktiler-azirleumen-aynalysqan-63710611.html
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55339359_226:0:2957:2048_1920x0_80_0_0_6c36395306f2b2e005eb84bd5334c402.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бензин, қылмыс, қырғызстан
бензин, қылмыс, қырғызстан
Қылмыстық топ 190 мың тоннадан астам бензинді елден заңсыз экспорттаған
Қырғызстанға бензинді заңсыз алып өтпек болғандар мемлекетке 40 млрд теңгеге жуық шығын келтірді
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. АИ-92 маркалы бензинді Қырғыз Республикасына заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеп-тексеруді аяқталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Топ құрамында 9 адам болған. Заңсыз схеманы жүзеге асыру үшін олар мұнай өнімдерін сатып алу, құжат рәсімдеу және экспорттау мақсатында 12 заңды тұлғаны тіркеген.
Бензиннің шығу тегін заңдастыру және оны шетелге шығару үшін күдіктілер "Қара Май ОйЛ" ЖШС мен "Petro Bazis" ЖШС шағын мұнай өңдеу зауыттарын пайдаланған. Құжат жүзінде кәсіпорындар АИ-92 бензинін жеңіл дистиллятпен немесе еріткішпен араластыру қызметін көрсеткен.
Алайда іс жүзінде олардың қызметі бензинді ешқандай технологиялық өңдеусіз теміржол цистерналарына құюмен ғана шектелген.
Кейін жалған құжаттар рәсімделіп, олардың негізінде бензин ароматты көмірсутектер қоспасы, еріткіштер немесе жеңіл көмірсутектер қоспасы ретінде декларацияланған.
"Нәтижесінде автокөлік бензині мұнай-химия өнімі ретінде көрсетіліп, Қырғыз Республикасына заңсыз шығарылған. Бұл әрекеттер елдің ішкі нарығында мұнай өнімдерінің тапшылығы байқалған кезеңде де жүзеге асырылған. Заңсыз экспортталған бензин көлемі 190 мың тоннадан асып, қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы 37,2 млрд теңгеден асқан", - деп жазылған хабарламада.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "Түрксіб" станциясында Қырғыз Республикасына жөнелтілмек болған шамамен 500 тонна заңсыз бензин тиелген 8 теміржол цистернасы ұсталды.
Құны 138 млн теңге болатын тәркіленген бензин мемлекет кірісіне өткізілді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.