Қостанайда қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2026
Жазылу
Қазіргі уақтта тергеу жүріп жатыр
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы ұсталды. Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы хабарлады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облыстық департаменті Қостанай қаласы білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Олар басқа мамандармен бөлімге қарасты мектептерге бөлінген бюджет қаражатын жымқырған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде 1 маусымда бірқатар тергеу әрекеті, оның ішінде лауазымды тұлғалардың тұрғылықты және жұмыс орындарында тінту жүргізілді", - дейді прокуратурада.

Қалалық білім бөлімінің басшысы сол күні Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды.
Қазіргі уақтта тергеу жүріп жатыр.
Ақтауда есірткіні асқазанына салып өткізбек болған шетел азаматы ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Ақтауда есірткіні асқазанына салып өткізбек болған шетел азаматы ұсталды
Жаңалықтар
0