Қазақстанға арналған жаңа контейнерлік кемелердің құрылысы басталды

© Photo : Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаҚазақстанға арналған жаңа контейнерлік кемелердің құрылысы басталды
Қазақстанға арналған жаңа контейнерлік кемелердің құрылысы басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2026
Жазылу
2027 жылдың соңына дейін контейнерлік жүктерді тасымалдауға арналған екі заманауи контейнерлік кемені салу жоспарланған
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Баку кеме жасау зауытында Қазақстан үшін салынатын сыйымдылығы 780 TEU болатын алғашқы мамандандырылған контейнерлік кеменің килін қалау рәсімі өтті, деп хабарлады Көлік министрлігі.
© Photo : Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаҚазақстанға арналған жаңа контейнерлік кемелердің құрылысы басталды
Стартовало строительство новых контейнеровозов для Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2026
Қазақстанға арналған жаңа контейнерлік кемелердің құрылысы басталды
Жоба Abu Dhabi Ports Group компаниясымен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда.
2027 жылдың соңына дейін Каспий теңізінде контейнерлік жүктерді тасымалдауға арналған екі заманауи контейнерлік кемені салу жоспарланған.
"Жаңа кемелер Қазақстанның контейнерлік жүктерді теңіз арқылы тасымалдау мүмкіндігін кеңейтіп, тасымалдардың тиімділігін арттыруға және Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз) бойындағы еліміздің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
© Photo : Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаҚазақстанға арналған жаңа контейнерлік кемелердің құрылысы басталды
Стартовало строительство новых контейнеровозов для Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2026
Қазақстанға арналған жаңа контейнерлік кемелердің құрылысы басталды
Сондай-ақ іс-шара барысында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен Баку кеме жасау зауытының бірлескен жобалары талқыланды. Екі құрғақ жүк кемесін салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылған. Қазіргі уақытта кемелердің дизайндері пысықталуда. Оларды тапсыру 2028 жылға жоспарланған.
"Биылғы сәуір айында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ алты кеменің, оның ішінде екі контейнерлік кеменің құрылысын салу туралы келісім жасасты. Бұл кемелер Баку кеме жасау зауытында құрастырылады", - деп жазылған хабарламада.
Аталған жобаларды іске асыру Каспий өңірінің көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі арттыруға, жүк тасымалы көлемін ұлғайтуға және Қазақстанның Азия мен Еуропаны байланыстыратын маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етеді.
Жаңалықтар
0