https://sputnik.kz/20260604/mama-dias-batyp-ketti-turkistan-oblysynda-agayyndy-eki-balanyn-azhaly-sudan-boldy-63917083.html
"Мама, Диас батып кетті": Түркістан облысында ағайынды екі баланың ажалы судан болды
"Мама, Диас батып кетті": Түркістан облысында ағайынды екі баланың ажалы судан болды
Sputnik Қазақстан
2013 және 2018 жылы туған кәмелетке толмаған балалар ересектердің қарауынсыз қалған 04.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-04T11:44+0500
2026-06-04T11:44+0500
2026-06-04T11:44+0500
түркістан облысы
суға кету
суға батты
https://sputnik.kz/img/243/32/2433207_0:15:1920:1095_1920x0_80_0_0_99a59ad21f1c91bd2035997424bbc1de.jpg
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik.Түркістан облысының Еңбекші ауылындағы Ошақты суару каналына бір үйдің екі баласы батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.31 мамырда із-түзсіз кеткен 8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диасты іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілген. Балалардың анасы Айгүл Тамашева сол күні таңғы бесте жұмысқа кеткен. Әкесі де нәпақа табуға кеткен. Бұл туралы балалардың анасы әлеуметтік желіде айтты.Құтқарушылардың айтуынша балалардың денесі араға тәулік салып табылған.Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 31 мамыр күні 2018 жылы туған баланың денесі судан шығарылды. Бір күннен кейін 2013 жылы туған баланың денесі табылды.
https://sputnik.kz/20260603/aqmola-oblysynda-eki-bala-suga-batyp-ketti-bireui-qaytys-boldy-63906947.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/243/32/2433207_220:0:1700:1110_1920x0_80_0_0_741a463be88b1891d698efbb20efd2ea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, суға кету, суға батты
түркістан облысы, суға кету, суға батты
"Мама, Диас батып кетті": Түркістан облысында ағайынды екі баланың ажалы судан болды
2013 және 2018 жылы туған кәмелетке толмаған балалар ересектердің қарауынсыз қалған
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik.Түркістан облысының Еңбекші ауылындағы Ошақты суару каналына бір үйдің екі баласы батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
31 мамырда із-түзсіз кеткен 8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диасты іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілген. Балалардың анасы Айгүл Тамашева сол күні таңғы бесте жұмысқа кеткен. Әкесі де нәпақа табуға кеткен. Бұл туралы балалардың анасы әлеуметтік желіде айтты.
"Сағат төрт жарымда қызым "мама, Диас батып кетіпті" деп айтты. Мен бір ұлым екен деппін. Жылап жүгіре бердім. Әкімшіліктегі Дәурен деген бала "жеңгей, сабырлы болыңыз" деп жатыр. Сөйтсем екінші балам да батып кетіпті. Ағасы інісін құтқарам деген ғой. Мына каналды жауып тастасын. Менің әлі бес балам бар, олар да каналға барады", - дейді балалардың анасы Айгүл Тамашева.
Құтқарушылардың айтуынша балалардың денесі араға тәулік салып табылған.
"2013 және 2018 жылы туған кәмелетке толмаған балалар ойын кезінде ересектердің қарауынсыз қалып, суға құлап кетіп, ағыс алып кеткен", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 31 мамыр күні 2018 жылы туған баланың денесі судан шығарылды. Бір күннен кейін 2013 жылы туған баланың денесі табылды.