https://sputnik.kz/20260603/sot-reseylik-taraptyn-talaby-boyynsha-belgiyadagy-google-aktivterine-tyyym-saldy---baq-63905501.html
Сот ресейлік тараптың талабы бойынша Бельгиядағы Googlе активтеріне тыйым салды
Сот ресейлік тараптың талабы бойынша Бельгиядағы Googlе активтеріне тыйым салды
Sputnik Қазақстан
Мүлікке тыйым салу қамтамасыз ету шарасы ретінде қолданылды 03.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-03T18:23+0500
2026-06-03T18:23+0500
2026-06-03T18:24+0500
ресей
сот
талап
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/07/18841890_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_67aae310c7e4730eeff5dde37240f561.jpg
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Ресейдің "Гугл" жауапкершілігі шектеулі қоғамының талапарызынан кейін Бельгия соты Google Belgium-нің құны 115 миллион еуро (66 миллиард теңге) болатын мүлкіне тыйым салды, деп хабарлайды "Ведомости" ақпараттық порталы.Басылым Google-дың Ресейдегі еншілес компаниясының америкалық корпорацияның бас компанияларынан қаражатты өндіріп алу туралы Мәскеу арбитраждық сотының шешімін орындауға тырысып жатқанын еске салды.Егер Бельгия соты ресейлік шешімді мойындап, өтінішті қанағаттандырса, қаражат тыйым салынған активтерден өндіріп алынуы мүмкін, ал өндірілген қаражат ресейлік "Гугл" ЖШҚ несие берушілерімен есеп айырысуына бағытталады.Басылымның хабарлауынша, Ресей соты "Гугл" ЖШҚ-дан компанияның банкроттық рәсімі басталғанға дейін шығарылған дивидендтерді өндіріп алуға тырысып жатыр.Басылым тыйым салу сот процесі аяқталғанға дейін Google-дің бельгиялық бөлімшесін қайта құрылымдау немесе банкроттық әрекеттерін болдырмауға арналған қамтамасыз ету шарасы деп жазды."Ведомости" басылымы Google-дың ресейлік бөлімшесінің бельгиялық адвокаты Майкл де Буктың "бұл іс әдеттегі корпоративтік дау-дамайдан тыс" деген сөздерін келтірді.Дивидендтерді "экстрадициялау" - бұл Google-дің ресейлік еншілес компанияның бас компанияға қойған талаптарының бір бөлігі ғана, деді жоба бойынша халықаралық заңгерлер тобының үйлестірушісі Артур Зурабян.Оның айтуынша, "Гугл" ЖШҚ-дағы банкроттық туралы дау 2018 жылдан кейін Ресейден 160 млрд рубль (шамамен 2 2,2 млрд доллар) шығаруға да қатысты болып отыр.Ресейлік "Гугл" компаниясы әлемнің оннан астам елінде ресейлік сот шешімдерін тану және орындау процедураларын бастады.Келесі кезеңде Бельгия соты "Гугл" ЖШҚ талаптарын мәні бойынша қарайтын болады. Google Belgium және Google International LLC мүлікке тыйым салуға қатысты шағымдануға құқылы.
https://sputnik.kz/20260603/europada-energetikalyq-dagdarys-bastaldy--resey-prezidentinin-okili-63892414.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/07/18841890_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_c459a75ff4ab9d371fa44e49b4735197.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, сот, талап
Сот ресейлік тараптың талабы бойынша Бельгиядағы Googlе активтеріне тыйым салды
18:23 03.06.2026 (жаңартылды: 18:24 03.06.2026) Мүлікке тыйым салу қамтамасыз ету шарасы ретінде қолданылды
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Ресейдің "Гугл" жауапкершілігі шектеулі қоғамының талапарызынан кейін Бельгия соты Google Belgium-нің құны 115 миллион еуро (66 миллиард теңге) болатын мүлкіне тыйым салды, деп хабарлайды
"Ведомости" ақпараттық порталы.
Басылым Google-дың Ресейдегі еншілес компаниясының америкалық корпорацияның бас компанияларынан қаражатты өндіріп алу туралы Мәскеу арбитраждық сотының шешімін орындауға тырысып жатқанын еске салды.
Егер Бельгия соты ресейлік шешімді мойындап, өтінішті қанағаттандырса, қаражат тыйым салынған активтерден өндіріп алынуы мүмкін, ал өндірілген қаражат ресейлік "Гугл" ЖШҚ несие берушілерімен есеп айырысуына бағытталады.
Басылымның хабарлауынша, Ресей соты "Гугл" ЖШҚ-дан компанияның банкроттық рәсімі басталғанға дейін шығарылған дивидендтерді өндіріп алуға тырысып жатыр.
"Мәскеудегі сот дивидендтер несие берушілермен есеп айырысудан жалтару мақсатында төленді деген қорытындыға келді", - делінген хабарламада.
Басылым тыйым салу сот процесі аяқталғанға дейін Google-дің бельгиялық бөлімшесін қайта құрылымдау немесе банкроттық әрекеттерін болдырмауға арналған қамтамасыз ету шарасы деп жазды.
"Ведомости" басылымы Google-дың ресейлік бөлімшесінің бельгиялық адвокаты Майкл де Буктың "бұл іс әдеттегі корпоративтік дау-дамайдан тыс" деген сөздерін келтірді.
"Дау Ресей, Франция немесе Бельгия болсын, егеменді елдердің нарықтарында жұмыс істейтін жаһандық компаниялардың моральдық және заңды жауапкершілігінің шегін көрсетеді", - дейді ол.
Дивидендтерді "экстрадициялау" - бұл Google-дің ресейлік еншілес компанияның бас компанияға қойған талаптарының бір бөлігі ғана, деді жоба бойынша халықаралық заңгерлер тобының үйлестірушісі Артур Зурабян.
Оның айтуынша, "Гугл" ЖШҚ-дағы банкроттық туралы дау 2018 жылдан кейін Ресейден 160 млрд рубль (шамамен 2 2,2 млрд доллар) шығаруға да қатысты болып отыр.
Ресейлік "Гугл" компаниясы әлемнің оннан астам елінде ресейлік сот шешімдерін тану және орындау процедураларын бастады.
Келесі кезеңде Бельгия соты "Гугл" ЖШҚ талаптарын мәні бойынша қарайтын болады. Google Belgium және Google International LLC мүлікке тыйым салуға қатысты шағымдануға құқылы.