Шығыс Қазақстан облысының әкімі отставкаға кету туралы өтініш берді

© Photo : Пресс-служба акима ВКОАким ВКО Нурымбет Сактаганов провёл встречу с Послом Казахстана в Азербайджане
Аким ВКО Нурымбет Сактаганов провёл встречу с Послом Казахстана в Азербайджане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Жазылу
Нұрымбет Сақтағановтың Жақсылық Омардың қылмыстық ісіне қатысы жоқтығы анықталып, отставкасы қабылданбаған
АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов отставкаға кету туралы өтініш берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл ақпаратты әкімнің баспасөз хатшысы растады.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов белгіленген тәртіппен отставкаға кету туралы өтініш берді", - деді ол.
Сақтағановтың отставкаға өтініш беруіне, бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омардың қылмыстық ісі себеп болған. Заң бойынша қол астындағы қызметкер жемқорлыққа қатысы болса, басшысы отставкаға беру керек.
"Өтінішті қарау барысында іске қатысы жоқтығы ескеріле отырып, оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды", - деді баспасөз хатшысы Лаура Жақыпова.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта өңір әкімі қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.
Еске сала кетейік, облыс әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар биыл наурыз айында жемқорлық жасады деп айыпталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот балғасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2026
Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Омар алты жылға сотталды
Жаңалықтар
0