Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі 28%-ға артты

CC0 / rawpixel / Газдалған сусындар
Газдалған сусындар - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Жазылу
Есепті кезеңде елімізге 105,2 млн литрден астам өнім жеткізілді
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанда үш ай ішінде алкогольсіз сусындар өндірісі 28% артты, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.
Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда 1,1 млрд литр алкогольсіз және минералды сусын өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға жоғары.
"Аталған кезеңде өнім экспорты 15,8%-ға төмендеп, шетелге 77,6 млн литр минералды су мен алкогольсіз сусын жөнелтілді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар осы өнім түрі бойынша импорт көлемі 34,2%-ға өсті. Есепті кезеңде елімізге 105,2 млн литрден астам өнім жеткізілді. Импорттық сусындардың үлесі 9,5%-ды құрады.
Осы кезеңде ішкі нарықтағы сату көлемі 1 млрд литрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,9%-ға артты.
Жалпы Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірумен 132 кәсіпорын айналысады.
Ірімшік - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2026
Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі артты
Жаңалықтар
0