Қазақстан Кипр кәсіпкерлеріне салық пен көші-қон бойынша жеңілдіктер ұсынды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚазақстан мен Кипр президенттері Ақордада кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қазақстан мен Кипр президенттері Ақордада кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Жазылу
Қазақстан өз нарығында жұмыс істеуге ниетті Кипр компанияларына қолайлы жағдай жасауға әрқашан дайын
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Қазақстан пен Кипр президенттері Астанада өткен келіссөздердің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

7 жылда көп жұмыс атқарылды

Кипр президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келіп отыр. Осыдан 7 жыл бұрын ол Кипрдің сыртқы істер министрі ретінде Астанаға келіп кеткен.
"Сол кезде ол Кипр Қазақстанның Еуропа Одағындағы мүддесін ілгерілетуге әрдайым дайын екенін айтқан еді. Содан бері көп жұмыс атқарылды. Екі мемлекеттің елшіліктері ашылды. Осылайша, өзара қарым-қатынасымыз жолға қойылды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі брифингте.
Осы жолы Христодулидис Астанаға ашылған алғашқы тікелей әуе рейсімен ұшып келді. Осылайша, өзара ықпалдастықты одан әрі бекемдей түсуге ниетті.
"Кипр Республикасының басшысы осы оң үрдіске зор үлес қосып келеді. Мен мұны жоғары бағалаймын. Сол себепті бүгін Жоғары мәртебелі президент Никос Христодулидис мырзаға І дәрежелі "Достық" орденін тапсырдым. Бұл награда – қазақ елінің Сізге және бүкіл Кипр Республикасының халқына деген ерекше құрметінің, шынайы ілтипатының белгісі", - деді Тоқаев.

Мазмұнды келіссөз болды

Тәуелсіздік сарайында өткен келіссөздер кезінде һзара сауда-саттық көлемін арттыруға ерекше назар аударылды. Соның ішінде тауар айналымын ұлғайту, инвестициялық қарым-қатынасты дамыту және іскер топтардың байланысын одан әрі нығайту қажет.
Официальная церемония встречи президента Кипра Никоса Христодулидиса в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Кипр президентін қарсы алды
"Мен Қазақстан-Кипр экономикалық ынтымақтастығының жол картасын әзірлеуді ұсындым. Сондай-ақ Үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңес құру жөніндегі бастамалар көтерілді. Бұл қадам бірлескен жобаларды іске асырып, өзара алыс-берісті арттыруға және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады", - дейді Қазақстан президенті.
Сонымен қатар логистика, қаржы, туризм, цифрлық технологиялар саласындағы өзара байланыстардың келешегі зор. Осыған байланысты екі елдің үкіметтеріне осы бағыттар бойынша нақты шаралар қабылдауға тапсырма берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев кипрлық серіктестерді Транскаспий дәлізі жобасына атсалысуға да шақырды.
"Өздеріңіз жақсы білесіздер, Кипр әлемдік деңгейдегі теңіз хабы саналады. Орта дәліз аясында Қазақстанның құрлықтағы және Кипрдің теңіздегі инфрақұрылымын тиімді ұштастыруға мүмкіндік зор. Бұл қадам Орталық Азия аймағы, Каспий аймағы және Жерорта теңізі арасында жаңа көп салалы логистика жүйесін қалыптастыруға жол ашады. Сондай-ақ өзара алыс-берісімізді ұлғайтуға мүмкіндік береді", – деді мемлекет басшысы.

Қолайлы жағдай жасалады

Қазіргі кезде Қазақстанда Кипр капиталының қатысуымен 400-ден астам компания жұмыс істейді. Олардың 30-ға жуығы Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген.
"Қазақстан өз нарығында жұмыс істеуге ниетті Кипр компанияларына қолайлы жағдай жасауға әрқашан дайын. Біз Кипрдің іскер азаматтарын ұзақ мерзімге арналған инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырамыз", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент жақында Қазақстанның жаңа Конституциясының қабылданғанын ерекше атап өтті. Ата заңға сәйкес, Қазақстанда меншіктің барлық түріне кепілдік беріледі және инвесторлардың құқығы барынша қорғалады. Бұған қоса, кипрлық кәсіпкерлер Қазақстанның Altyn Visa бағдарламасын қолдана алады. Оны алған кәсіпкерлер мен мамандарға салық және көші-қон мәселесіне қатысты жеңілдіктер ұсынылады.

eGov-ке қызығушылық бар

Кипр Республикасы Қазақстанның eGov жүйесіне және мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты жобаларға қызығушылық танытып отыр.
"Біз бұл бағыттағы тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз. Жалпы, бүгінгі келіссөздер табысты өтті деуге толық негіз бар. Біз өзара ықпалдастығымызға тың серпін беретін бірқатар маңызды құжатқа қол қойдық. Бұл келісімдер екі мемлекеттің қарым-қатынасын күшейте түседі деп сенемін", – деді Тоқаев.

Екі елдің ұстанымы ұқсас

Тоқаев пен Христодулидис халықаралық және аймақтық мәселелерді де талқыға салды
"Әлемдегі көптеген түйткілге қатысты мемлекеттеріміздің ұстанымы – ұқсас. Екі ел де кез келген шиеленіс бейбіт және дипломатиялық жолмен шешілуі керек деген қағидатты қатаң ұстанады", - дейді Тоқаев.
Қазақстан басқа елдердің аумақтық тұтастығын құрметтейді және бүкіл әлем мемлекеттерін осы қағидатқа басымдық беруге шақырады.
Никос Христодулидис те келіссөздерге жоғары баға берді.
"Осы орайда жоғары білім, ғылыми зерттеу, мәдениет, спорт, инновация, цифрлық басқару және ақпараттық технология секілді маңызды салаларда өзара түсіністік туралы бірқатар меморандумға қол қойылғаны қуантады. Бұл келісімдер – жай ғана техникалық құжаттар емес, екіжақты байланыстардың әлеуетін құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан жандандыруды көздейтін ортақ шешіміміздің айқын дәлелі", – деді Кипр президенті.
Касым-Жомарт Токаев и Никос Христодулидис - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Сіздің еліңізге тікелей қатынайтын алғашқы рейс арқылы ұшып келдім – Кипр президенті
Жаңалықтар
0