Петербург халықаралық экономикалық форумына 130-дан астам елдің өкілдері қатысады
10:38 03.06.2026 (жаңартылды: 10:39 03.06.2026)

© Photo : Пресс-служба МИД России
Жазылу
ПХЭФ-2026 аясында 300-ден астам іскерлік іс-шара өтеді
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ) 3–6 маусым аралығында өтеді, биылғы форумның негізгі тақырыбы – "Прагматикалық диалог – тұрақты болашаққа бастайтын жол", деп хабарлайды РИА Новости.
"ПХЭФ-2026 аясында 300-ден астам іскерлік іс-шара өтеді, олардың қатарында панельдік пікірталастар, тақырыптық дөңгелек үстелдер және іскерлік таңғы ас кездесулері бар", – делінген хабарламада.
Негізгі іскерлік бағдарламадан бөлек, форум алаңында келесі шаралар өтеді:
ШЫҰ және БРИКС іскерлік форумдары;
"Іскерлік жиырмалық" (B20) аймақтық консультативтік форумы;
шағын және орта бизнес форумы;
креативті индустриялар форумы;
"Дәрі-дәрмек қауіпсіздігі" форумы.
ПХЭФ-2026 іскерлік бағдарламасы жаһандық және Ресей күн тәртібінің негізгі бағыттарын біріктіреді.
Бағдарламаға келесі тақырыптық бағыттар енгізілген:
"Әлемдік экономика: қақтығыс пен ынтымақтастық арасы";
"Ресей экономикасы: өсу траекториясына қайта оралу үшін құрылымдық өзгерістер";
"Болашақты айқындайтын технологиялар";
"Өмір сүру ортасы: жаңа технологиялар – жаңа сапа";
"Жаңа технологиялар дәуіріндегі әлеуметтік сала";
Ресейдің шетелдік әріптестерімен бизнес диалогтары.
"Росконгресс" мәліметінше, форумға 130-дан астам ел мен аумақтың өкілдері қатысатынын растаған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп форумға өз өкілін – АҚШ әсем өнерлер жөніндегі комиссиясының төрағасы Родни Кукты жіберген. Ол форум іс-шараларына, соның ішінде "Ресей – АҚШ: мәдениет диалогы" сессиясына қатысады.
Бағдарламада бірқатар бизнес диалог қарастырылған:
Америкалық сауда палатасы мен "Росконгресс" "Ресей – АҚШ" бизнес-диалогын өткізіп, екі ел бизнесі арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылайды;
"Ресей – Германия" бизнес диалогы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен инвестициялық байланыстарды дамыту мүмкіндіктеріне арналады;
"Ресей – Араб әлемі" бизнес диалогы технологияларды бірлесіп дамыту, тұрақты қаржылық модельдер құру және ұзақ мерзімді әріптестік үшін өндірістік және логистикалық инфрақұрылым қалыптастыру мәселелерін қарастырады.
ПХЭФ-2026 аясында өтетін "Болашақ күні" атты халықаралық жастар күні жас кәсіпкерлерді, ғалымдарды, мемлекеттік органдар өкілдерін, технологиялық компанияларды, медиа саласын және халықаралық қауымдастықты біріктіреді.
"Негізгі назар жасанды интеллектке, технологиялық көшбасшылыққа, білім берудің жаңа модельдеріне, халықаралық ынтымақтастыққа, жастар кәсіпкерлігіне және болашақ кадрларды қалыптастыруға аударылады", – делінген хабарламада.
Форум күндері қатысушылар үшін спорттық және мәдени бағдарлама да ұйымдастырылады.