Блогер Жанәбілов пен оның әйелі рақымшылыққа іліге ме?

© Photo : Агентство по финансовому мониторингу КазахстааСупруги - блогеры Ерболат Жанабылов и Эльмира Толегенова
Супруги - блогеры Ерболат Жанабылов и Эльмира Толегенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Жазылу
Олар ауырлығы орташа қылмыстар жасады
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанада сотталған ерлі-зайыпты блогерлердің рақымшылыққа ілінбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова алдын ала сөз байласып, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін сотталды. Жанәбілов шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылса, Эльмира Төлегенованы 2 жылға түрмеге жабуға шешім қабылданған болатын. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, екеуі де алдағы қылмыстық рақымшылыққа ілікпейді.
"Олар ауырлығы орташа қылмыстар жасады. Залал өтелсе, рақымшылық қолданылады. Бірақ дәл осы жағдайда залал өтелген жоқ. Сондықтан қылмыстық жауапкершіліктен босату сияқты рақымшылық шарасы қолданылмайды", - деді Әділов мәжілісте өткен брифингте.
Айта кетері, Эльмира Төлегенованың жаза өтеу мерзімі үш баласының болуына байланысты 2 жылға кейінге шегерілген болатын.
Заседание мажилиса парламента - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Бір миллион адамның айыппұлы кешіріледі – заң қабылданды
Жаңалықтар
0