Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Аустралия Украина Қарулы күштерінің әскери қызметшілерін Польша аумағында дайындайды

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуВоеннослужащий армии Украины
Военнослужащий армии Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Жазылу
Аустралия НАТО-ның Киевке қолдау көрсету бағдарламаларына қатысуын жалғастырады
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. 2026 жылдың ортасынан бастап аустралиялық әскери мамандар Украина Қарулы күштерінің жауынгерлерін Польша аумағында даярлауға кіріседі, деп хабарлады Аустралия Қорғаныс министрлігі.
"2026 жылдың ортасынан бастап Аустралия Қорғаныс күштері Австралияның "Куду" операциясы аясындағы қолдауды жалғастыра отырып, Норвегия басқаратын көпұлтты "Легио" операциясымен ынтымақтастық орнатып, Польшада украиналық персоналды оқытады", – деді Аустралияның вице-премьері әрі қорғаныс министрі Ричард Марлз.
Қазіргі уақытта "Куду" операциясы аясында аустралиялық әскери нұсқаушылар Украина сарбаздарын Ұлыбритания аумағында дайындап жатыр. Жаңа оқыту жүйесі украиналық әскери қызметшілерді Украина шекарасына жақын жерде даярлауға мүмкіндік береді әрі олардың дайындығын Украинаның жедел әскери қажеттіліктеріне барынша сәйкес ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Сонымен қатар Аустралия НАТО-ның Украинаға көмектесу жөніндегі бастамаларына, соның ішінде дрон жеткізу коалициясына және әскери дайындық бағдарламаларына қатысуды жалғастыратынын хабарлады.
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский: Украинада әуе қорғанысы зымырандары жетіспейді
Жаңалықтар
0