Астанадан Гуанчжоуға тікелей әуе рейсі іске қосылды

Самолет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Жазылу
Ұшақ Астанадан сағат 18:45-те ұшып шығып, Гуанчжоуға жергілікті уақыт бойынша 04:30-да қонады
АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Астанадан Гуанчжоуға тікелей әуе рейсі ұша бастады, деп хабарлайды Air Astana.
2 маусымнан бастап Астана мен Гуанчжоу арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды. Жаңа бағыт 2025 жылғы наурыздан бері аптасына бес рет орындалатын Алматы – Гуанчжоу рейстерін толықтырады.

"Астана-Гуанчжоу рейсі аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері қатынайды. Ұшақ Астанадан сағат 18:45-те ұшып шығып, Гуанчжоуға жергілікті уақыт бойынша 04:30-да қонады. Ұшу ұзақтығы – 6 сағат 45 минут. Рейстер Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады", - дейді әуе компаниясы.

Бұл бағыттың негізі 2002 жылғы желтоқсанда Алматы мен Бейжің арасында орындалған алғашқы рейспен қаланған болатын. Ал биыл жаздан бастап Алматыдан Үрімшіге, Гуанчжоуға, Шанхайға, Саньяға және Ининге, сондай-ақ Астанадан Бейжің мен Үрімшіге рейстер жиілігі артады. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны аптасына 51-ге жетеді.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2026
"Ташкент – Атырау" бағыты бойынша жаңа рейс іске қосылады
Жаңалықтар
0