Алматыда жолаушы такси жүргізушісін ойыншық тапаншамен қорқытқан - видео

© Пресс-служба ГК "Калашников"модульный пистолет Лебедева
модульный пистолет Лебедева  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Жазылу
Ол жүргізушіден Алматы облысындағы елді мекендердің біріне апаруды талап еткен
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Алматыда жолаушы такси жүргізушісін тапаншамен қорқытқан.
Солтүстік айналма жолында полиция экипажына "Kia" көлігі келіп тоқтаған. Көлікті тізгіндеген шетелдік тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.
Полиция мәліметінше, көліктің артында отырған жолаушы тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, жүргізушіден Алматы облысындағы елді мекендердің біріне апаруды талап еткен.
Полицейлер дереу көлікті қоршап, күдіктіні ұстады. Тексеру барысында оның қолындағы заттың ойыншық тапанша екені белгілі болды.
Бір қызығы, күдіктіні ұстау кезінде өтіп бара жатқан көліктердің бірінің жүргізушісі оқиғаға алаңдап, таксимен соқтығысты.
Жаңалықтар
0