https://sputnik.kz/20260602/qytayda-tobeles-kezinde-adam-koz-zhumyp-qazaqstan-azamaty-qamauga-alyndy-63881102.html
Қытайда төбелес кезінде адам көз жұмып, Қазақстан азаматы қамауға алынды
Қытайда төбелес кезінде адам көз жұмып, Қазақстан азаматы қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
30 жастағы ер адамның ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын 02.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-02T17:43+0500
2026-06-02T17:43+0500
2026-06-02T17:43+0500
қазақстан
қытай
төбелес
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қытайда адам өлімімен аяқталған төбелестен кейін Қазақстан азаматы қамауға алынды.30 жастағы ер адамның ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын.Қамауға алынған қазақстандықтың туыстары видео жариялап, ер адам өзін қорғау мақсатында төбелесуге мәжбүр болғанын айтқан. Осыған қатысты Қазақстанның Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығы Гуандун провинциясының қоғамдық қауіпсіздік бюросынан ресми хабарлама алды.Қазақстан азаматы адам өліміне әкелген денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген күдікпен ұсталған.Бұл жағдайды сыртқы істер министрлігі бақылауда ұстап отыр.
https://sputnik.kz/20260501/almatyda-tobeles-kezinde-eki-zhasospirim-koz-zhumdy-63114419.html
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қытай, төбелес
қазақстан, қытай, төбелес
Қытайда төбелес кезінде адам көз жұмып, Қазақстан азаматы қамауға алынды
30 жастағы ер адамның ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қытайда адам өлімімен аяқталған төбелестен кейін Қазақстан азаматы қамауға алынды.
30 жастағы ер адамның ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын.
Қамауға алынған қазақстандықтың туыстары видео жариялап, ер адам өзін қорғау мақсатында төбелесуге мәжбүр болғанын айтқан.
Осыған қатысты Қазақстанның Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығы Гуандун провинциясының қоғамдық қауіпсіздік бюросынан ресми хабарлама алды.
Қазақстан азаматы адам өліміне әкелген денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген күдікпен ұсталған.
"Қазіргі уақытта Қазақстан тарапы қосымша ақпарат алу үшін Қытайдың құзырлы органдарына тиісті сауалдар жолдады. Қазақстандық дипломаттар ұсталған азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста, өз құзыреті шегінде қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.
Бұл жағдайды сыртқы істер министрлігі бақылауда ұстап отыр.