https://sputnik.kz/20260602/qoy-etinin-qymbattauyna-qurban-ayt-merekesine-dayyndyq-sebep-boldy---ministrlik-63882624.html
Қой етінің қымбаттауына Құрбан айт мерекесіне дайындық себеп болды - министрлік
Қой етінің қымбаттауына Құрбан айт мерекесіне дайындық себеп болды - министрлік
Sputnik Қазақстан
Қазір ел бойынша қой етінің орташа бағасы бір килограмына 4 209 теңгені құрайды 02.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-02T19:36+0500
2026-06-02T19:36+0500
2026-06-02T19:36+0500
құрбан айт
баға
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/1123/34/11233447_0:108:2049:1260_1920x0_80_0_0_e6b741299b7dd4549624fc48d4940af0.jpg
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. 2026 жылдың төрт айында Қазақстанда барлық ет түрлерін өндіру көлемі 338 мың тоннадан асты, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Негізгі ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша мал басы өсіп, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі де ұлғайып жатыр.2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ірі қара мал басы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 325,2 мың басқа өсіп, 9,8 млн басқа жетті:Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында сиыр етін өндіру көлемі 112,9 мың тоннаға жетіп, 6,5 мың тоннаға ұлғайды. Қой етін өндіру 34,7 мың тоннаны (+2,6 мың тонна), жылқы етін өндіру 39,8 мың тоннаны (+1,4 мың тонна) құрады.Қазіргі уақытта Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, ел бойынша қой етінің орташа бағасы бір килограмына 4 209 теңгені құрайды.Қой етінің сатып алу бағасы шамамен бір килограмына 200 теңгеге төмендегені тіркеліп отыр. Осылайша, байқалған баға өсімі өнім тапшылығымен байланысты емес, дейді министрлікте.
https://sputnik.kz/20260518/almatyda-aleumettik-nannyn-bagasy-belgilendi-63515123.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1123/34/11233447_112:0:1935:1367_1920x0_80_0_0_9f63fb06e11d7bd66d86ec385489afc4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрбан айт, баға, ауыл шаруашылығы
құрбан айт, баға, ауыл шаруашылығы
Қой етінің қымбаттауына Құрбан айт мерекесіне дайындық себеп болды - министрлік
Қазір ел бойынша қой етінің орташа бағасы бір килограмына 4 209 теңгені құрайды
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. 2026 жылдың төрт айында Қазақстанда барлық ет түрлерін өндіру көлемі 338 мың тоннадан асты, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Негізгі ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша мал басы өсіп, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі де ұлғайып жатыр.
2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ірі қара мал басы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 325,2 мың басқа өсіп, 9,8 млн басқа жетті:
қой саны 23,5 млн басты құрады (+363,1 мың бас);
жылқы – 5,1 млн бас (+339,8 мың бас);
түйе – 322 мың бас (+7,5 мың бас);
құс саны – 48,2 млн бас (+291,5 мың бас).
Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында сиыр етін өндіру көлемі 112,9 мың тоннаға жетіп, 6,5 мың тоннаға ұлғайды. Қой етін өндіру 34,7 мың тоннаны (+2,6 мың тонна), жылқы етін өндіру 39,8 мың тоннаны (+1,4 мың тонна) құрады.
"Осы жылдың сәуір-мамыр айларында байқалған қой еті бағасының өсуіне келсек, бұл уақытша әрі маусымдық сипатта болды. Бағаның көтерілуіне негізгі себеп – биыл мамыр айының соңына сәйкес келген Құрбан айт мерекесіне дайындық және оны өткізу кезеңінде сұраныстың дәстүрлі түрде артуы", - дейді министрлікте.
Қазіргі уақытта Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, ел бойынша қой етінің орташа бағасы бір килограмына 4 209 теңгені құрайды.
Қой етінің сатып алу бағасы шамамен бір килограмына 200 теңгеге төмендегені тіркеліп отыр. Осылайша, байқалған баға өсімі өнім тапшылығымен байланысты емес, дейді министрлікте.