Қазақстандағы көлік ең көп жүретін тас жолдар тізімі жарияланды

© Sputnik / Медина Куракова
Жазылу
Қазіргі таңда елімізде жалпы ұзындығы 4 883 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар 26 ақылы жол учаскесі жұмыс істейді
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері ақылы автожолдардағы қозғалыс 28 миллионнан асты, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
2026 жылдың басынан бері Қазақстанның ақылы автомобиль жолдары арқылы 28 миллионнан астам жол жүру тіркелді. Қазіргі таңда елімізде жалпы ұзындығы 4 883 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар 26 ақылы жол учаскесі жұмыс істейді.
Көлік қозғалысының ең жоғары қарқындылығы дәстүрлі түрде ірі қалаларды, шекаралық өткізу бекеттерін, өнеркәсіптік және туристік аймақтарды байланыстыратын бағыттарда байқалады.
"Жыл басынан бері ең көп жол жүру "Алматы – Қонаев" учаскесінде тіркеліп, көрсеткіш 4,3 миллионға жетті. Ең жоғары жүктемеге ие ақылы бағыттардың алғашқы үштігіне "Шымкент – Өзбекстан" шекарасы (3,7 млн жол жүру) және "Шымкент – Тараз" (2,5 млн жол жүру) учаскелері де енді", - деп жазылған хабарламада.
2026 жылдың басынан бері ақылы жол учаскелері бойынша жол жүру санының рейтингі:
1.
Алматы – Қонаев — 4,3 млн;2.
Шымкент – Өзбекстан шекарасы — 3,7 млн;3.
Шымкент – Тараз — 2,5 млн;4.
Тараз – Қайнар — 2,1 млн;5.
Шымкент – Қызылорда — 1,8 млн;6.
Қонаев – Талдықорған — 1,4 млн;7.
Астана – Теміртау — 1,4 млн;8.
Астана – Щучинск — 1,3 млн;9.
Тараз қаласының айналма жолы — 1,03 млн;10.
Алматы – Қорғас — 1,005 млн;"ҚазАвтоЖол" бұл бағыттардағы жоғары қозғалыс қарқыны жолаушылар мен жүк тасымалының көлемімен, сондай-ақ өңіраралық және халықаралық көлік қатынасын қамтамасыз етудегі маңыздылығымен байланыстыекенін хабарлады.
