https://sputnik.kz/20260602/prezidentke-alatau-qalasyndagy-investitsiyalyq-zhobalar-korsetildi-63874835.html
Президентке Алатау қаласындағы инвестициялық жобалар көрсетілді
Президентке Алатау қаласындағы инвестициялық жобалар көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Шаһар 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамытылатын 4 арнаулы аумаққа бөлінген 02.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-02T13:16+0500
2026-06-02T13:16+0500
2026-06-02T13:16+0500
алматы облысы
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07ea/06/02/63874669_0:7:1280:727_1920x0_80_0_0_901d728109db788bdd3c2ea20f439e9c.jpg
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласының даму жоспарымен танысудан басталды, деп хабарлады Ақорда.Қазіргі кезде қала ауданы 88 мың гектарды құрайды. Шаһар 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамытылатын 4 арнаулы аумаққа бөлінген. Сонымен қатар қаланың негізгі даму аймақтары мен табыс көздері айқындалып жатыр. Магистралды инфрақұрылымды ілгерілету бойынша жол картасы қолға алынған.Басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын Конституциялық заң қабылданды.Бұдан бөлек, 53 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды. Оның жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асады.Атап айтқанда, PepsiCo компаниясы Орталық Азиядағы картоп өңдейтін ең ірі зауыт салып жатыр. Mars Petcare компаниясы үй жануарларына арналған азық өндіретін өңірдегі алғашқы заманауи әрі бірегей жобаны қолға алды. KHAN TENGRI BIOPHARMA компаниясы дәрі-дәрмек пен медициналық қондырғылар шығарумен айналысады. "Исткомтранс" және G-Trans компаниялары логистикалық кластер құруда.Мемлекет басшысына Iconic Complex жобасы таныстырылды. Бұл Алатаудағы көпфункционалды озық кешен саналады. Қаладағы негізгі нысанның бірі Gate District ауданында бой көтермек.
https://sputnik.kz/20260602/toqaev-almaty-oblysyna-bardy-63874559.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/02/63874669_237:0:1280:782_1920x0_80_0_0_dea62cede770d49ece74491ffbcdfd30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, қасым-жомарт тоқаев
алматы облысы, қасым-жомарт тоқаев
Президентке Алатау қаласындағы инвестициялық жобалар көрсетілді
Шаһар 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамытылатын 4 арнаулы аумаққа бөлінген
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласының даму жоспарымен танысудан басталды, деп хабарлады Ақорда.
Қазіргі кезде қала ауданы 88 мың гектарды құрайды. Шаһар 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамытылатын 4 арнаулы аумаққа бөлінген. Сонымен қатар қаланың негізгі даму аймақтары мен табыс көздері айқындалып жатыр. Магистралды инфрақұрылымды ілгерілету бойынша жол картасы қолға алынған.
Басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын Конституциялық заң қабылданды.
"Бүгінде Gate City тұрғын үй алабы жедел өркендеп келеді. Мұнда "жайлы мектеп" бой көтеріп, "Маревен Фуд", "КНАУФ", Fruit Art, Dolce Pharm және Алматы желдеткіш зауыты секілді жүйе құрайтын кәсіпорындар жұмыс істейді", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, 53 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды. Оның жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асады.
Атап айтқанда, PepsiCo компаниясы Орталық Азиядағы картоп өңдейтін ең ірі зауыт салып жатыр. Mars Petcare компаниясы үй жануарларына арналған азық өндіретін өңірдегі алғашқы заманауи әрі бірегей жобаны қолға алды. KHAN TENGRI BIOPHARMA компаниясы дәрі-дәрмек пен медициналық қондырғылар шығарумен айналысады. "Исткомтранс" және G-Trans компаниялары логистикалық кластер құруда.
Мемлекет басшысына Iconic Complex жобасы таныстырылды. Бұл Алатаудағы көпфункционалды озық кешен саналады. Қаладағы негізгі нысанның бірі Gate District ауданында бой көтермек.