"Кредитім бар": министр Ертаев отбасына қанша ақша жұмсайтынын айтты

Аскарбек Ертаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Жазылу
Ол жалақысы отбасын асырауға жететінін атап өтті
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр жалақысы отбасын асырауға жететінін атап өтті.
"Менің төрт балам, жолдасым бар. Айлығым - 1 миллион 200 мың теңге. Екі балам өсіп, бөлек шығып кетті. Жолдасым жұмыс істемейді. Үш жастағы балаға қарайды. Айлығым жеткілікті. Кредитім де бар, оған да жетіп жатыр", - деді Ертаев үкіметте өткен брифингте.
Былтыр Ертаев бірінші вице-министр болған кезде жалақысының көлемін жария етуді жөн көрмеген. Бірақ отбасына бір айда 500-600 мың теңге жұмсайтынын айтқан.
Асқарбек Ертаев - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2025
Вице-министр отбасына қанша ақша жұмсайтынын айтты
Жаңалықтар
0