https://sputnik.kz/20260602/deputat-koz-zhumgan-klinikada-zanbuzushylyq-anyqtaldy-63875678.html
Депутат көз жұмған клиникада заңбұзушылық анықталды
Депутат көз жұмған клиникада заңбұзушылық анықталды
Sputnik Қазақстан
Науқасты отаға дайындау кезінде медициналық көмек көрсету стандарттары бұзылған 02.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-02T13:35+0500
2026-06-02T13:35+0500
2026-06-02T13:35+0500
депутат
заң
https://sputnik.kz/img/882/73/8827321_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_fa549912332e3e9ea42b570e511b9d00.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуовтың өліміне байланысты ол емделген медициналық мекемеде жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның нәтижесі туралы Sputnik Қазақстанға Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті хабарлады.Департамент науқастың туыстарының өтініші негізінде "Қасиет" медициналық орталығына жоспардан тыс тексеру жүргізген.Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.Еске салайық, Ақтаудағы "Қасиет" медициналық орталығында Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуов көз жұмды. 49 жастағы депутат сәуір айының басында жеке клиникаға липосакция жасатуға барған. Ол иек астындағы май қабатын алдырмақ болған.Алайда ота кезінде берілген наркоздан кейін оның қан қысымы мен қандағы қант деңгейі күрт көтеріліп, инсульт алған. Кейін комаға түскен депутат бір ай бойы есін жимастан көз жұмды.
https://sputnik.kz/20260523/aqtauda-deputat-liposaktsiyadan-keyin-koz-zhumdy--klinika-malimdeme-zhasady-63655834.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/882/73/8827321_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_c2e2ab330eab2efd1fdf222bd4620791.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, заң
Депутат көз жұмған клиникада заңбұзушылық анықталды
Науқасты отаға дайындау кезінде медициналық көмек көрсету стандарттары бұзылған
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуовтың өліміне байланысты ол емделген медициналық мекемеде жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның нәтижесі туралы
Sputnik Қазақстанға Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті хабарлады.
Департамент науқастың туыстарының өтініші негізінде "Қасиет" медициналық орталығына жоспардан тыс тексеру жүргізген.
"Тексеру 29 сәуір мен 15 мамыр аралығында өтті. Оған тәуелсіз бейінді сарапшылар – пластикалық хирург пен анестезиолог-реаниматологтар қатысты. Тексеру қорытындысы бойынша науқасты жоспарлы хирургиялық араласуға дайындау және медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде медициналық көмек көрсету стандарттарының бұзылғаны анықталды", – деп хабарлады департамент.
Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.
Еске салайық, Ақтаудағы "Қасиет" медициналық орталығында Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты
Ербол Айтуов көз жұмды. 49 жастағы депутат сәуір айының басында жеке клиникаға липосакция жасатуға барған. Ол иек астындағы май қабатын алдырмақ болған.
Алайда ота кезінде берілген наркоздан кейін оның қан қысымы мен қандағы қант деңгейі күрт көтеріліп, инсульт алған. Кейін комаға түскен депутат бір ай бойы есін жимастан көз жұмды.