https://sputnik.kz/20260602/aqmola-oblysynda-veterinarlar-3-mynga-zhuyq-malga-zhalgan-vaktsina-salgan-63880703.html
Ақмола облысында ветеринарлар 3 мыңға жуық малға жалған вакцина салған
Ақмола облысында ветеринарлар 3 мыңға жуық малға жалған вакцина салған
Sputnik Қазақстан
Мемлекет бюджетіне 996,2 мың теңге сомасына шығындар өтелді 02.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-02T17:05+0500
2026-06-02T17:05+0500
2026-06-02T17:07+0500
ақмола облысы
мал шаруашылығы
вакцина
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1a/53908346_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_0e0e26aa57c6de322b9b19687dd6d1aa.jpg
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Ақмола облысы Зеренді ауданында 2,8 мыңнан астам малға жалған вакцина жасалған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.Зеренді ауданында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеген.Сондай-ақ эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде заң бұзушылықтар анықталды. Ветеринариялық дәрігерлер вакцинация актілеріне жалған мәліметтер енгізіп, оның ішінде жоқ жануарларды көрсеткен және бір мал басын бірнеше рет есепке алған."Жалпы саны 2,8 мың жалған вакцинация фактісі анықталды, мемлекет бюджетіне 996,2 мың теңге сомасына шығындар өтелді. Аудандағы 14 мал қорымы ветеринариялық талаптарға сәйкес келмейді — қоршаулары жоқ, жер учаскелері рәсімделмеген және балансқа қойылмаған", - дейді облыстық прокуратурада.Сонымен қатар ветеринариялық станцияда 6 млн теңгеден астам сомаға негізсіз сыйақы мен үстемақы берілген. Қазіргі уақытта оның 4 млн теңгеден астамы бюджетке қайтарылды.Кінәлі мамандар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
https://sputnik.kz/20260526/qylmystyq-top-qurylys-kompaniyalaryna-zhalgan-aktiler-azirleumen-aynalysqan-63710611.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1a/53908346_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_422af8630717764cc24899797a91e295.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, мал шаруашылығы, вакцина
ақмола облысы, мал шаруашылығы, вакцина
Ақмола облысында ветеринарлар 3 мыңға жуық малға жалған вакцина салған
17:05 02.06.2026 (жаңартылды: 17:07 02.06.2026) Мемлекет бюджетіне 996,2 мың теңге сомасына шығындар өтелді
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Ақмола облысы Зеренді ауданында 2,8 мыңнан астам малға жалған вакцина жасалған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Зеренді ауданында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеген.
"Мал басы туралы нақты деректер жоқ. Полицияның учаскелік инспекторларымен бірлескен іс-шаралар барысында жалпы саны 7 мыңнан асатын 57 тіркелмеген жылқы табыны анықталды", - дейді прокуратурада.
Сондай-ақ эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде заң бұзушылықтар анықталды. Ветеринариялық дәрігерлер вакцинация актілеріне жалған мәліметтер енгізіп, оның ішінде жоқ жануарларды көрсеткен және бір мал басын бірнеше рет есепке алған.
"Жалпы саны 2,8 мың жалған вакцинация фактісі анықталды, мемлекет бюджетіне 996,2 мың теңге сомасына шығындар өтелді. Аудандағы 14 мал қорымы ветеринариялық талаптарға сәйкес келмейді — қоршаулары жоқ, жер учаскелері рәсімделмеген және балансқа қойылмаған", - дейді облыстық прокуратурада.
Сонымен қатар ветеринариялық станцияда 6 млн теңгеден астам сомаға негізсіз сыйақы мен үстемақы берілген. Қазіргі уақытта оның 4 млн теңгеден астамы бюджетке қайтарылды.
Кінәлі мамандар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.