https://sputnik.kz/20260601/ukrainadagy-sogys-germaniyaga-100-mlrd-eurodan-astam-shygyn-akeldi--vagenknekht-63848523.html
Украинадағы соғыс Германияға 100 млрд еуродан астам шығын әкелді – Вагенкнехт
Украинадағы соғыс Германияға 100 млрд еуродан астам шығын әкелді – Вагенкнехт
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша Германия үкіметі қақтығысты аяқтауға бағытталған дипломатиялық бастама көтеруге тиіс 01.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-01T08:58+0500
2026-06-01T08:58+0500
2026-06-01T08:58+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/925/95/9259508_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_c7ec1cf6945aa347618c63328b4085b9.jpg
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Германиядағы "Сара Вагенкнехт одағы – Ақыл мен әділдік үшін" партиясының жетекшісі Сара Вагенкнехттің мәлімдеуінше, Украинадағы қақтығыс неміс салық төлеушілеріне қазірдің өзінде 100 миллиард еуродан астам шығын әкелген.Партия жетекшісі биыл Киевке бөлінетін 11 миллиард еуродан бөлек, Еуропалық одақ Украинаға 90 миллиард еуро көлемінде несие беретінін атап өтті. Вагенкнехт ЕО бөлетін 90 миллиард еуроның 23 миллиард еуродан астамы неміс салық төлеушілерінің мойнына жүктелетінін айтты.Осыған байланысты Вагенкнехт Германияның билеуші коалициясына кіретін Христиан-демократиялық одақтың (ХДО) депутаты Норберт Реттгеннің Украинаға ЕО мақұлдаған кредиттен бөлек тағы да көбірек қаражат бөлу қажет деген ұсынысына қарсылық білдірді.Вагенкнехт Германия үкіметі қақтығысты аяқтауға бағытталған дипломатиялық бастама көтеруге тиіс екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Германия канцлері Фридрих Мерц пен өзі басқаратын ХДО партиясы "өз халқына қарсы саясат жүргізіп отыр" және биліктен кетуі керек.Еуропалық одақ 2025 жылдың желтоқсанында Украинаға 2026–2027 жылдарға арналған 90 миллиард еуро көлемінде кредит беру туралы шешім қабылдады. Кредитті төлеу маусым айының ортасында басталуға тиіс. Егер Ресей репарация төлесе, Киев бұл қаражатты қайтаруға міндетті болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/925/95/9259508_169:0:2900:2048_1920x0_80_0_0_5f4bc981dd8ecf7c2eedc0cf38917c2a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украинадағы соғыс Германияға 100 млрд еуродан астам шығын әкелді – Вагенкнехт
Оның айтуынша Германия үкіметі қақтығысты аяқтауға бағытталған дипломатиялық бастама көтеруге тиіс
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Германиядағы "Сара Вагенкнехт одағы – Ақыл мен әділдік үшін" партиясының жетекшісі Сара Вагенкнехттің мәлімдеуінше, Украинадағы қақтығыс неміс салық төлеушілеріне қазірдің өзінде 100 миллиард еуродан астам шығын әкелген.
"Украинадағы соғыс неміс салық төлеушілеріне 100 миллиард еуродан астам шығын келтірді. Тек осы жылдың өзінде Киевке әскери көмек ретінде тағы 11 миллиард еуро жіберіледі", – деп жазды Вагенкнехт Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Партия жетекшісі биыл Киевке бөлінетін 11 миллиард еуродан бөлек, Еуропалық одақ Украинаға 90 миллиард еуро көлемінде несие беретінін атап өтті. Вагенкнехт ЕО бөлетін 90 миллиард еуроның 23 миллиард еуродан астамы неміс салық төлеушілерінің мойнына жүктелетінін айтты.
Осыған байланысты Вагенкнехт Германияның билеуші коалициясына кіретін Христиан-демократиялық одақтың (ХДО) депутаты Норберт Реттгеннің Украинаға ЕО мақұлдаған кредиттен бөлек тағы да көбірек қаражат бөлу қажет деген ұсынысына қарсылық білдірді.
Вагенкнехт Германия үкіметі қақтығысты аяқтауға бағытталған дипломатиялық бастама көтеруге тиіс екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Германия канцлері Фридрих Мерц пен өзі басқаратын ХДО партиясы "өз халқына қарсы саясат жүргізіп отыр" және биліктен кетуі керек.
Еуропалық одақ 2025 жылдың желтоқсанында Украинаға 2026–2027 жылдарға арналған 90 миллиард еуро көлемінде кредит беру туралы шешім қабылдады. Кредитті төлеу маусым айының ортасында басталуға тиіс. Егер Ресей репарация төлесе, Киев бұл қаражатты қайтаруға міндетті болады.