Мемлекеттік бюджет кірісі бес айда 16%-ға өсті

Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2026
Жазылу
Республикалық бюджеттің кірісі 100,9% орындалды
АЛМАТЫ, 1 маусым – Sputnik. 2026 жылдың қаңтар-мамырында бюджетке 11,4 трлн теңгеден астам қаражат түсті, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 16% көп, деп хабарлайды Қаржы министрлігі.
Республикалық бюджеттің кірісі 100,9% орындалды.
"Жоспар бойынша 7,34 трлн теңге көзделгенімен, нақты түсімдер 7,41 трлн теңгеге артқан. Бұл жоспарланған межеден 66,7 млрд теңгеге жоғары", - дейді мирнистрлік.
Республикалық бюджет кірісінің өсім қарқыны былтырғыға қарағанда 25,1%, яғни 1,48 трлн теңгеге көп.
Жедел деректерге сүйенсек, жергілікті бюджеттердің кірісі 4,05 трлн теңгеге ұлғайған. 2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығындағы кезеңмен салыстырғанда жергілікті бюджеттердің түсімі 95,1 млрд теңгеге немесе 2,4% өскен.
Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
Мемлекеттік бюджет кірісі жоспарлы көрсеткіштен асып түсті – үкімет
Жаңалықтар
0