https://sputnik.kz/20260601/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-1-mausym-63843428.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 маусым
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 маусым
Sputnik Қазақстан
1 маусымда не болғанын білесіз бе? 01.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-01T00:01+0500
2026-06-01T00:01+0500
2026-06-01T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1032/30/10323075_49:0:2453:1352_1920x0_80_0_0_abc455053e9b4426b2e2c007d8c3095b.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.1 маусымда қандай қызықты оқиға болдыБүгін - Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке 1950 жылдан бастап аталып өтеді. Оның мақсаты - балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау ғана емес, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесіне қоғамның назарын аудару.Сондай-ақ бүгін Бүкіләлемдік ата-аналар күні аталып өтеді. Бұл мереке 2012 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында бекітілген болатын. 2013 жылдан бастап мейрам жаздың алғашқы күні - 1 маусымда тойланады. Ата-аналар күні бүкіл әлемнің тұрғындарына адамзатқа ортақ құндылықтарды еске салып, оларды берік және үлгілі отбасының негізі ретінде қалыптастыруды көздейді.Бұдан бөлек, бүгін – Дүниежүзілік сүт күні. Көптеген ел бұрыннан ұлттық сүт фестивальдерін өткізеді, ал Дүниежүзілік сүт күні тек 2001 жылдан қана аталып өтеді. Сүт мерекесін 1 маусымға белгілеуді БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы ұсынды. Бұл мейрамды әлемнің 45-тен астам елі тойлап жүр. Әр мемлекетте түрліше аталып өтеді. Сүт мерекесінің арқасында адамдар дұрыс тамақтанудың қажеттілігін түсінеді. Ал дұрыс тамақтанудың маңызды элементтерінің бірі сүт болып қала беретіні анық.1 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар1858 жылы алғашқы канадалық тиындар әзірленді;1862 жылы АҚШ-тың бүкіл жерінде құлдыққа тыйым салынды;1925 жылы америкалық Chrysler ("Крайслер") автомобиль компаниясы ашылды;1938 жылы Action Comics комикстер журналының алғашқы нөмірі шықты.1 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1946 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақ бөлімшесі негізінде Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы ашылды;1994 жылы қазақ жазушысы Оралхан Бөкей тұрған Алматының Жамбыл көшесінде мемориалды тақта орнатылды;1997 жылы Францияда ұлы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына орайластырылған Қазақстан күндері өтті;2007 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Әлем елшісі" атағын беру туралы шешім қабылданды;2010 жылы елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы алдындағы саябақта Жәнібек пен Керей хандардың монументалды мүсіндік-көркем композициясының салтанатты ашылу рәсімі болды;2017 жылы Семей қаласындағы бұрынғы Интернациональная көшесіне белгілі ғалым, абайтану ғылымының негізін қалаушы, Қазақстанның алғашқы мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы Қайым Мұхамедхановтың есімі берілді;2017 жылы "Нұрлы жол" жаңа вокзал кешені алғашқы пойыздарды қабылдай бастады.1 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар1804 жылы композитор, орыс классикалық музыкасының атасы Михаил Глинка дүниеге келді;1926 жылы америкалық актриса, әнші және модель Мэрилин Монро дүниеге келді;1937 жылы америкалық актер Морган Фримен дүниеге келді;1973 жылы неміс моделі, актриса Хайди Клум дүниеге келді.1 маусымда Қазақстанда кім туды1939 жылы домбырашы, күйші, профессор, Қазақстанның халық әртісі Бақыт Қарабалина дүниеге келді;1940 жылы әдебиет зерттеушісі, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген техника және ғылым қайраткері Рымғали Нұрғалиев дүниеге келді;1950 жылы әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайрат Байбосынов дүниеге келді;1959 жылы актер, театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов дүниеге келді. Ол "Елбасы жолы. Астана" фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдады;1962 жылы парламент мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1032/30/10323075_349:0:2152:1352_1920x0_80_0_0_7a4c485a3f046a85a5d6c9dd2bbb70b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 маусым
1 маусымда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
1 маусымда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін - Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке 1950 жылдан бастап аталып өтеді. Оның мақсаты - балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау ғана емес, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесіне қоғамның назарын аудару.
Сондай-ақ бүгін Бүкіләлемдік ата-аналар күні аталып өтеді. Бұл мереке 2012 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында бекітілген болатын. 2013 жылдан бастап мейрам жаздың алғашқы күні - 1 маусымда тойланады. Ата-аналар күні бүкіл әлемнің тұрғындарына адамзатқа ортақ құндылықтарды еске салып, оларды берік және үлгілі отбасының негізі ретінде қалыптастыруды көздейді.
Бұдан бөлек, бүгін – Дүниежүзілік сүт күні. Көптеген ел бұрыннан ұлттық сүт фестивальдерін өткізеді, ал Дүниежүзілік сүт күні тек 2001 жылдан қана аталып өтеді. Сүт мерекесін 1 маусымға белгілеуді БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы ұсынды. Бұл мейрамды әлемнің 45-тен астам елі тойлап жүр. Әр мемлекетте түрліше аталып өтеді. Сүт мерекесінің арқасында адамдар дұрыс тамақтанудың қажеттілігін түсінеді. Ал дұрыс тамақтанудың маңызды элементтерінің бірі сүт болып қала беретіні анық.
1 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар
1858 жылы алғашқы канадалық тиындар әзірленді;
1862 жылы АҚШ-тың бүкіл жерінде құлдыққа тыйым салынды;
1925 жылы америкалық Chrysler ("Крайслер") автомобиль компаниясы ашылды;
1938 жылы Action Comics комикстер журналының алғашқы нөмірі шықты.
1 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1946 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақ бөлімшесі негізінде Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы ашылды;
1994 жылы қазақ жазушысы Оралхан Бөкей тұрған Алматының Жамбыл көшесінде мемориалды тақта орнатылды;
1997 жылы Францияда ұлы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына орайластырылған Қазақстан күндері өтті;
2007 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Әлем елшісі" атағын беру туралы шешім қабылданды;
2010 жылы елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы алдындағы саябақта Жәнібек пен Керей хандардың монументалды мүсіндік-көркем композициясының салтанатты ашылу рәсімі болды;
2017 жылы Семей қаласындағы бұрынғы Интернациональная көшесіне белгілі ғалым, абайтану ғылымының негізін қалаушы, Қазақстанның алғашқы мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы Қайым Мұхамедхановтың есімі берілді;
2017 жылы "Нұрлы жол" жаңа вокзал кешені алғашқы пойыздарды қабылдай бастады.
1 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар
1804 жылы композитор, орыс классикалық музыкасының атасы Михаил Глинка дүниеге келді;
1926 жылы америкалық актриса, әнші және модель Мэрилин Монро дүниеге келді;
1937 жылы америкалық актер Морган Фримен дүниеге келді;
1973 жылы неміс моделі, актриса Хайди Клум дүниеге келді.
1 маусымда Қазақстанда кім туды
1939 жылы домбырашы, күйші, профессор, Қазақстанның халық әртісі Бақыт Қарабалина дүниеге келді;
1940 жылы әдебиет зерттеушісі, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген техника және ғылым қайраткері Рымғали Нұрғалиев дүниеге келді;
1950 жылы әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайрат Байбосынов дүниеге келді;
1959 жылы актер, театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов дүниеге келді. Ол "Елбасы жолы. Астана" фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдады;
1962 жылы парламент мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов дүниеге келді.